жапырақтар); 2 - бөрі бұршақ (саусақ-салалы жапырақтар); 3 - ноқат (қауырсын
320
г/см
3
). Сондықтан дәнді бұршақ дақылдары терең өңдеуді және
топырақтың жыртылатын қабатын тереңдетуді қажетсінеді.
Дәнді бұршақ дақылдарының
сабақтары
әр түрлі механикалық
беріктілікте және себу тәсілі осыған тәуелді. Атбас бұршақта, бөрі
бұршақта, бадананың бұталы түрлерінде ноқат және майбұршақта
сабақтары тік өседі, вертикал жағдайын сақтайды (жиі түрде кең
қатарлы тәсіл пайдаланылады). Асбұршақ, сиыржоңышқа, ноғатық,
жасымық пен баданада олар пісу кезеңіне қарай жапырылады (тек
жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады). Дәнді бұршақ дақылдарын
жиі түрде сабақтары берік басқа дақылдармен аралас себеді,
алдыңғылары мұртшаларымен кейінгілеріне оратылып өседі.
Гүлдері
бұрыс пішінді. Күлтеше жапырақтары әртүрлі мөлшерлі
және пішіні де әртүрлі (қайықша, желкен және қанатты). 10 аталық пен
бір жалғыз ұялы жатыннан және бірнеше тұқым бүрлерінен тұрады.
Күлтеше жапырақтары ақ түстен қызғылт-қызыл және күлгін түске дейін
өзгереді. Көпшілік дәнді бұршақ дақылдарында гүлдері гүл шоғырында
негізгі сабақтың және бүйір өркендерінің ұшар басында орналасқан.
Жемісі -
әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршаққап. Ол екі
жарғақпен ашылады және бірнеше тұқымды біріктіреді. Піскеннен кейін
көпшілік өсімдіктерде бұршаққаптар жарылады да, тұқымдары
шашылады (бұл дақылдарға бөлектеп жинау тәсілі тән). Ноқатта және
бөрібұршақтың кейбір түрлері мен сорттарында бұршаққаптары
жарылмайды (олар тікелей орылып бастырылады). Селекционерлерге
бадананың, майбұршақтың және ноғатықтың бұршаққаптары әлсіз
жарылатын сорттарын шығару мүмкін болды.
Тұқымдары
әртүрлі пішінді, мөлшерлі және түсті болып келеді.
Тұқым тұқымдық қабықтан және ұрықтан тұрады. Тұқымның жеміске
бекіген жерінде тұқым жолы (ізі), ал баданада - халаза төбешіктері мен
микропиле сақталған. Ұрық екі етті тұқым жарнағынан және олардың
арасында орналасқан ұрықтық тамырша мен бүршікшелер орналасқан,
олардан өсімдіктердің жер үсті бөлігі қалыптасады. Тұқым жарнақтары
ұрықтық жапырақ болып табылады, оларда қорлық қоректік заттар
жинақталады, кейіннен өсе бастағанда оларды пайдаланады.
Өсіп-даму кезеңдері.
Дәнді бұршақ дақылдарында келесі өсіп-даму
кезеңдері белгіленеді: өну; көктеу; сабақтың бұтақтануы; бүрлену;
гүлдену; бұршаққаптардың түзілуі; пісу; толық пісу (Кесте 31).
Дәнді бұршақ дақылдары екі топқа - қысқа өсіп-жетілу кезеңді
(асбұршақ, жасымық, ноғатық) және айтарлықтай ұзақ кезеңді (атбас бұршақ,
ноқат, бадана, майбұршақ) - бөлінеді. Әрбір дақылдың айтарлықтай ерте
пісетін және кеш пісетін сорттары болады. Әр кезеңнің сипаттамасы
-
кестеде келтірілген.
321
Кесте 31. Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі өсіп-даму кезеңдері
Кезең
Кезеңнің сипаттамасы
Өнімділік элементтерінің
қалыпгасүы
Тұқымның
өнуі
Тамырша нүктесінің негізінен тұқым
жарнақтарындағы қоректік заттар-дың
есебінен өсуі
Егін бітіктігінің жиілігі,
танаптық өнгіштік
Көктеу
Топырақ бетінде бірінші нағыз
жапырақтар пайда болады (үштік және
саусақ-салалы жапырақты дақылдарда
тұқым жарнағы шығады)
Жапырақтар саны мен
буын аралықтары
Сабақтың
бұтақтануы
Сабақтың қарқынды түрде ұзара өсуі және
оның бұтақтануы
Гүлдер және гүл
шоғырының саны
Бүрлену және
гүлдену
Бүрлену кезеңі алғашқы үш-бес гүл
шоғырының пайда болуымен (төменгі
бұтақтарда)
сипатталады.
Бүрлер
жарылып,
гүлдердің
түсі
жақсы
байқалғанда гүлдену кезеңі белгіленеді
Гүлдердің
бүрлерінің
саны
Бұршаққаптар-
дың түзілуі
(жеміс салуы)
Жемістердің
басынан
аяғына
дейін
түзілуі. Кезеңнің соңында бүршаққаптар
оңтайлы мөлшерге ие болады
Жемістер саны
Пісу: пісудің
басы
Бұршаққаптардағы тұқымдар үлғаюын
тоқтатады, ал түқым жолы мен тұқым
қабығы сортқа тән түске енеді (дәнді
бұршақ дақылдарын осы кезеңде бөлектеп
жинауға болады)
1000 гүқымның массасы
Толық пісу
Бүршаққаптар мен тұқым-дардың көпші-
лік бұтақтарда толык пісуі, жапырақтар
қурап түсе бастайды; бұршаққаптар
бұратылып ашыла бастайды
Достарыңызбен бөлісу: