Жарыққа талаптары
.
Күннің үзактығына қатынас деңгейі
бойынша дәнді бұршақ дяқылдарын үш топқа ажыратады: ұзақ күннің
өсімдіктері (асбұршақ, жасымық, ноғатық, бөрібұршақ, атбас бұршақ),
олардың өсіп-даму кезеңдері жарық күннің ұзаруына байланысты
қысқара береді; қысқа күннің өсімдіктері (майбұршақ және бадананың
кейбір түрлері - маш), бұлардың өсіп-жетілу кезеңі күннің қысқаруына
карай жеделдетіледі; бейтарап өсімдіктер тобы (бадана мен ноқаттың
көптеген сорттары). Алайда дерлік әрбір дәнді бұршақ дақылының
күннің ұзақтығына бейтарап қарайтын сорттары болады. Қысқа күннің
өсімдіктерінің өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңі солтүстік жағдайында
ұзара түседі, ал ұзақ күннің өсімдіктерінде бұл құбылыс оңтүстік
жағдайында байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |