Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Топыраққа  және  қоректенуге  талаптары



Pdf көрінісі
бет310/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   490
Байланысты:
index (15)

Топыраққа  және  қоректенуге  талаптары

Дәнді  бұршақ 

дақылдарына  барынша  қолайлысы  орташа  байланысқан,  әлсіз  қышқыл 

немесе бейтарап, фосфор, калий және кальцийдің жеткілікті мөлшері бар 

саздақ және орташа құмдақ топырақтар болып табылады. Олар қышқыл 

топырақтарда  нашар  өседі  және  кальций  қоректік  затын  көп 

шығындайтындықтан  ондай  топырақты  известеуді  қажет  етеді. 

Бөрібұршақта  басқаша,  ол  қышқыл  және  құмдақ  топырақтарда  жақсы 

өседі,  алайда  топырақтағы  известің  артық  мөлшерін  көтере  алмайды. 

Құмдақ  (жеңіл)  топырақтарда  далалық  асбұршақты  мал  азықтық 

мақсаттарға өсіруге болады. 

Дәнді  бұршақ  дакылдары  үшін  фосфор  тыңайтқыштарының  рөлі 

зор.  Дегенмен  топырақ  құнарлылығы  мен  өсімдіктердің  фосфаттармен 

қамтамасыз  етілуі  жоғарылаған  сайын  фосфордың  маңызы  біршама 

төмендейді де, есесіне калий тыңайтқыштарының рөлі артады. 

Азот  тыңайтқыштарымен  жағдай  басқаша.  Бұрын  дәнді  бұршақ 

дақылдарына  оны  енгізуге  болмайды,  өйткені  олардың  өздері  азотты 



 

324 


ауадан алады, ал азотты тыңайтқыштар азот фиксациясын әлсіретеді деп 

есептеген.  Соңғы  уақытта  көптеген  зерттеушілер  (М.В.Федоров, 

В.В.Бернард, Г.Шмидт, Л.М.Доросинский, Н.М.Лазарева) көрсеткендей, 

азот  фиксациясын  жасау  қабілеті  болғанымен  тамырларында  түйнектер 

түзілгенше  бастапқы  өсу  кезеңінде  дәнді  бұршақ  дақылдары  азот 

тыңайтқыштарының  шамалы  мөлшеріне  (30  кг/га  э.е.з)  мұқтаждық 

танытады.  Алайда  дәнді  бұршақ  дақылдарының  өсіру  жағдайлары  мен 

топырақ  құнарлығына  байланысты  мүны  нақтылаған  дұрыс.  Бұл 

дақылдар  құнарсыз  қышқылдығы  жоғары,  ылғалдылығы  төмен 

(топырақтың  оңтайлы  ылғалдылығы  ТЫС-тың  40-60%  шамасында) 

топырақтарда  және  қолайсыз  температуралар  жағдайында  (24°С-дан 

жоғары  немесе  4°С-дан  төмен)  азотты  қажетсінеді.  Аталған  барлық 

қолайсыз  жағдайлар  түйнек  бактерияларының  дамуын  әлсіретеді, 

осыдан  азот  тыңайтқыштары  жақсы  тиімділік  көрсетеді.  Дәнді  бұршақ 

дақылдарына  айтарлықтай  қолайлы  жағдай  жасай  отырып  (известеу, 

аэрация,  су  және  қоректену  ережелерін  жақсарту,  инокуляция, 

микротыңайткыштар  ж.б.)  бактериялар  мен  өсімдіктер  симбиозының 

тиімділігін әжептәуір арттыруға және азот тыңайтқыштарын қолданбай-

ақ қоюға болады. Мұндай жағдайда азот тыңайтқыштарын енгізу түйнек 

бактерияларының азот фиксациялау қызметін әлсіретеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет