АСБҰРШАҚ
Халық шаруашылығындағы маңызы
.
Асбұршақ біздің елімізде
барлық дәнді бұршақ егістігінің 80%-дан астамында өсіріледі. Оны азық-
түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіреді. Оның тұқымдары амин
қышқылдарымен теңдестірілген белокқа бай (18-35%), олар жақсы
пісірілуімен және жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Пісіп-
жетілген және шала піскен тұқымдары (жасыл асбұршақ), сонымен
қатар көкөністі сорттарының жасыл бұршаққаптары консерві
өнеркәсібінде пайдаланылады. Жасыл асбұршақ жемісінде 25-30% қант,
көптеген дәрумендер (А, В
1
, В
2
және С) және қартаюды баяулататын
инозит пен минералды тұздар болады.
Наубайхана өнеркәсібінде нанның белоктық қоректілігін арттыру
мақсатында бидай ұнына 10 % ұнтақталған асбұршақ ұнын
араластырады, нәтижесінде дәмдік, нандық сапасы жақсарады.
Асбұршақ + қоңырбастар тұқымдастар қоспаларын сүрлемге, жасыл
балаусаға
және
пішенге
өсіріледі.
Асбұршақ
ұнын
малға
құнарландырылған мал азығы ретінде пайдаланады. Асбұршақтың 1 кг
тұқымында 1,17 азықтық өлшем және 180-240 г қорытылатын протеин,
12,5 г лизин, 1,7 г метионин, 0,2 г цистин және 1,5 г триптофан болады;
1 кг жасыл балаусасында 0,13 азықтық өлшем, 25 г белок бар, ал 1кг
сабанында тиісінше олар 0,23 және 31 - ге тең.
Асбұршақ көптеген дақылдарға тамаша алғы дақыл, өйткені ол
топырақта 50-70 кг/га дейін азот қалдырады. Оның тамыр жүйесі қиын
еритін фосфаттарды ерітетін кабілетімен ерекшеленеді. Оның сүрі
326
танабын иеленетін және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын да
маңызы айтарлықтай.
Достарыңызбен бөлісу: |