Халық шаруашылығындағы маңызы.
Дәнді бұршақ дақылдары
егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін
арттыруда белгілі бір рөл атқарады, өсімдік белогі мен топырақтың
құнарлылығын арттырады.
Барлық дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік
массасында жоғары мөлшерде белок болатындақтан тағамдық және мал
азықтық құндылығымен сипатталады (Кесте 29).
Белоктың барынша көп мөлшерімен майбұршақ пен бөрібұршақ
ерекшеленеді. Оның мөлшері әртүрлі түрлерінде ғана емес, бір
дақылдың деңгейінде өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Дәнді
316
бұршақ өсімдіктерінің белоктары басқа өсімдік белоктарына қарағанда
суда жақсы ериді, сондықтан олар жеңіл қорытылады.
Кесте 29. Дәнді бұршақ тұқымдарының химиялық құрамы (%)
Дақыл
Ақуыз
(белок)
Азотсыз
экстрактивті
заттар
Май
Клетчатка
Күл
Асбұршақ
28
52
1,5
3,5
2,5
Атбас бұршақ
Гзо
45
1.5
6.0
3,5
Жасымық
30
50
2.0
3.0
3.0
Ноғатық
29
48
2.0
6.0
3.0
Ноқат
25
49
4,5
4,0
3,5
Бадана
24
49
2.0
4,0
3,0
Майбұршақ
39
24
20.0
4.0
5,0
Бөрібұршақ (жіңішке
жапырақты)
38
24
5,0
12,5
4,5
Өсімдік белогінің сапасы оның кұрамында айырбаска жатпайтын
амин қышқылдарының барлығымен де сипатталады, оның үстіне
олардың
мөлшері
адам
мен
жануарлардың
қажетсінуін
канағаттандыруға толық жетеді.
Бұршақ дақылдарының астық белогінің биологиялық құндылығы
өте жоғары. Егер сүт белогінің құндылығын 100% деп есептесек, онда
көптеген дәнді бұршақ дақылдарының биологиялық құндылығы 75-85%,
ал майбұршақта ол 100%-ға жақындайды.
Біздің елімізде өсімдік белогі мәселесі (проблемасы) өте өткір тұр.
Қазіргі кезеңде жануарлар үшін мал азығының бір азықтық өлшемінде
85-86 г-нан ғана сіңімді протеин бар, ал ол 105-110 г-нан кем болмауға
тиіс. Протеиннің жетімсіздігі мал азығының айтарлықтай көп шығынына
жетелейді және малдың өнімділігін арттыруға басты кедергілердің бірі
болып табылады.
ҚР өкіметі мал шаруашылығын өсімдік белогі мен толық
қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр. Ол үшін асбұршақ, ноқат,
майбұршақ және жоғары белокті басқа дақылдар егістігін барынша
арттырған дұрыс.
Кезінде Д.Н.Прянишников көрсеткендей, белок проблемасы
негізінен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің есебінен шешілуге тиіс.
Мәселе мынада: дәнді бұршақ дақылдары жоғары қоректілігімен бірге
бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин
қалыптастырады (Кесте 30).
Малды көп мөлшерде ірі сабақты, шырынды мал азықтарымен және
сүрлеммен қоректендіргенде белокты мал азығының қажеттілігі арта
түседі.
Дәнді бұршақтарының астығы - жануарлар үшін құнарландырылған
мал азығының құнды құрам бөлігі. Бұршақ дақылдарынан қоректілігі
317
жақсы пішен, сүрлем және жасыл балауса дайындалады. Сабаны мен
мекені де айтарлықтай мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді
бұршақ дақылдарының түқымдарында, сабақтары мен жапырақтарында
дәнді астық дақылдарына қарағанда белок мөлшері 2-3 есе көп.
Сондықтан белок теңдестігін жақсарту үшін оларды басқа дақылдармен
аралас егістікте кеңінен қолданылады.
Кесте 30. Дәнді бұршақ дақылдарының қоректілігі
Дақыл
100 кг мал азығындағы
азықтың өлшем мөлшері
1 азықтық өлшемге келетін
сіңімді протеин мөлшері, г
Жасыл
балауса
Сүрлем
Астық
Жасыл
балауса
Сүрлем Астык
Майбұршақ
20,7
20,2
130,7
21 7
174
223
Асбұршақ
16,0
15,0
114,0
175
133
158
Бөрібұршақ - мал
азықтық
14,7
17,7
110,7
184
163
245
Атбас бұршақ
16,0
18,0
155,0
1 63
144
211
Сиыржоңышқа
17,0
13,8
119,2
218
167
189
Ноғатық
21,9
15,0
109,3
201
І67
198
Дәнді бүршақ дақылдарының сабаны мен мекенінде 8-14% белок
болады, ал дәнді астық дақылдарының сабанында ол 3-4%-ды ғана
құрайды.
Кейбір дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктерінің тұқымдарында одан
адам және жануарлар ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары, оның
ішінде айырбасқа жатпайтындары да (лизин, метионин, триптофан) бар.
Олар жеткіліксіз болғанда белоктың бір бөлігі ғана ағзамен сіңіріледі, ал
калған мөлшері энергетикалық материал ретінде жұмсалады. Мәселен,
бидай құрамындағы 12% белоктың және лизинмен қамтамасыз етілуі
60% болғанда белоктың тек қана 7% сіңіріледі, арпадан - 6% ғана.
Метионин жеткіліксіз болғанда баданадағы 25% белоктың 11% ғана
асбұршақтың 23%, белоктың 10% ғана сіңіріледі, майбұршақтағы дерлік
барлық белок сіңірілмейді.
Тұқымдардағы амин қышқылдарының мөлшері және олардың
теңдестігі бойынша бірінші орынды майбұршақ иеленеді. (1 кг құрғақ
затқа 170 мг), одан кейінгілері бөрібұршақ (156 мг), атбас бұршақ (150
мг), олардан айтарлықтай асбұршақ (87 мг) қалысады. Белок мөлшері
сортқа, топырақ-климат жағдайларына және өсіру технологиясының
ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгереді. Солтүстіктен оңтүстікке
және батыстан шығысқа қарай жылжығанда дәнді бұршақ
дақылдарының тұқымдарында белок мөлшері арта түседі.
Майбұршақ, ноқат және бөрібұршақтың түқымдарында май да
айтарлықтай мөлшерде көп, бүл аталған өсімдіктердің құндылығын
арттыра түседі.
318
Дәнді бұршақ өсімдіктерінің вегетативтік мүшелерінде және
тұқымдарында А, В
1
, В
2
, С дәрумендері де болады.
Дәнді бұршақ дақылдарының өнеркәсіптік-шикізаттық маңызы да
айтарлықтай: олардың тұқымдарынан жарма мен ұн, кондитер
бұйымдары, консервілер, тағамдық және мал азықтық концентраттар
дайындалады. Олардың көпшілігінің шала піскен тұқымдары мен
жемістерінен көкөністік консервілер өндіріледі. Майбұршақтың
тұқымынан өндірілген майдың тағамдық және техникалық маңызы зор.
Ал оның уреаза ферменті бадана белогі сияқты, медицинада
қолданылады. Кейбір дәнді бұршақ тұқымдары (майбұршак, ноғатық)
казеин, желім және пластмасса өндірісінде шикізат ретінде
пайдаланылады.
Дәнді бұршақ дақылдарының агротехникалық маңызы да зор: олар
топырақта көп мөлшерде органикалық заттар жинақтайды, азот
теңдестігін жақсартады және олардың кейбіреулері (бөрібұршақ,
асбұршақ, атбас бұршақ) қиын еритін фосфаттарды жеңіл сіңірілетін
күйге аударады. Осыған байланысты олар топырақ құнарлығын
жоғарылатуға мүмкіндік жасайды.
Тамырлары мен ризосферада болатын түйнек бактерияларының
көмегімен атмосферадағы азотты байланыстырып, бұршақ өсімдіктері
топырақтың құнарлылығын арттырады.
М.В. Федоровтың деректеріне карағанда, бөрібұршақ әр гектарға
есептегенде 400 кг-ға дейің атмосфералық азотты сіңіреді, жоңышқа -
140, түйежоңышқа - 130, асбұршақ пен сиыржоңышқа - 100, майбұршақ
- 150 кг шамасында сіңіреді, сөйтіп көп мөлшерде топырақта
байланысқан азот қалдырады, топырақ құнарлылығын арттырады.
Сонымен бірге бірқатар дәнді бұршақ өсімдіктері (майбұршак,
атбас бұршақ, ноқат) отамалы дақылдарға жатады. Осы себепті жаздық
және күздік дәнді астық дақылдарына алғы дақыл ретінде олардың
құндылығы арта түседі.
Белгілі заңдылық қалыптасқан: неғұрлым бұршақты алғы дақылдың
өнімі жоғары болса, соғұрлым онда кейінгі дақылдың өнімділігі жоғары.
Сонымен қатар әрбір бұршақ тұқымдас дақылдың азот фиксациясын
жасау қабілетін де ескеру қажет.
Дәнді бұршақ өсімдіктерін аралық дақылдар (паялы, шабылмалы
және себілмелі егістер) ретінде өсіргенде топырақ құнарлылығы
айтарлықтай жоғарылайды және гектар берекесі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |