Топырақ өңдеу
жүйесінде күздік бидай мен күздік қара
бидайдікінен айырмашылық жоқ, негізінде алғы дақылға және танаптың
арамшөптермен ластануына байланысты.
Себу.
Себуге тазалығы 97%-дан кем емес, сорттық тазалығы 1-ші
және 2-ші категорияға жататын, астықтық сорттарының 1-ші класының
өнгіштігі 95%, 2-ші классыныкі 92%, ал малазықтық сорттарынікі -
тиісінше - 90 және 85% тұқым пайдаланылады. Мәжбүр болған
жағдайда 3-ші классқа жататын тұқымдарды себуге болады. Қатты қара
күйеге және қара күйеге төзімді болғандықтан тритикале тұқымдарын
себу алдында дәрілеудің қажеті жоқ.
С е б у м е р з і м і. Тритикале күздік бидайға қарағанда себуді
оңтайлы
мерзімде өткізгенді қалайды. Тритикаленің оңтайлы себу
мерзімі күздік бидайдың себу мерзімінің ортасы және соңы.
С е б у т ә с і л д е р і. Тритикалені негізінде тарқатарлы немесе
тоғыспалы тәсілмен себеді, жаппай қатардағы себу тәсілі де
қолданылады.
С е б у м ө л ш е р і. Тритикалені күздік бидайға қарағанда жиі
себеді,
себу
мөлшері
себетін
аймақтың
топырақ-климаттық
жағдайларына қарай гектарына 3,5-7,5 млн өнгіш тұқым аралығында.
Малазықтық сорттарды біраз көбірек мөлшерде себеді.
С е б у т е р е ң д і г і. Себу тереңдігіне күздік бидайға қарағанда
тритикаленің талғамы зор. Топырақтың механикалық құрамына және
ылғалдылығына байланысты тритикале 6-8 см тереңдікке себіледі.
315
К ү т і п - б а п т а у ш а р а л а р ы. Жаңа жыртылған жерге
сепкеннен кейін егістікті тығыздау қажет. Тритикале көктемде тез
көктеп өсе бастайтындықтан үстеме қорек күздік бидайға қарағанда
ертерек беріледі. Тыңайтқыш енгізу әдістері мен мөлшері күздік бидайға
ұқсас.
Өнімді жинау.
Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан
тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және
бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен
ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан
астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу
жылдамдығын минутына 600-ге дейін азайтады.
Бастырғаннан кейінгі тазарту жұмыстары қолданыстағы тұқым
тазартқыш машиналармен жүргізіледі, бірақ саңылаулары үлкен електер
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |