Ылғалға қажетсінуі
. Күздік қара бидайды негізінен ылғалды
өңірлерде өсіреді, алайда оны құрғақшылыққа төзімді дақылдар
қатарына жатқызады. Ол бидай мен сұлыға қарағанда ылғалды аз талап
етеді. Транспирациялық орташа коэффициенті – 400-420, сортына
топырақ-климат жағдайлары мен себу мерзіміне байланысты ол
көрсеткіш 240-тан 585-бірлікке дейін өзгереді. Ол үшін өте маңыздысы
күзде түптену кезеңінде жеткілікті ылғал мөлшерімен қамтамасыз етілуі.
Күздік қара бидай алғашқы даму кезеңінде ылғалға қажетсінуі шамалы,
бірақ түптену кезеңінде ылғалды 3 есе артық шығындайды. Түптену
кезеңінде ылғал жеткіліксіздігі байқалғанда қысқа қарсы жақсы түптеніп
үлгермейді де егістіктің селдір болуына және астық өнімінің
төмендеуіне
әкеліп
соғады.
Күздік
бидайдың
ылғалмен
306
салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі түтікке шығудан толық
масақтануға дейін созылады, бұл кезеңдегі жеткіліксіз ылғал қоры,
дәннің толысу кезеңінде де, босдәнділікке ұрындырады және өнімді
төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |