Өнімді жинау.
Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап
алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігіне ж.б. тікелей
байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей,
ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30— 35%
болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі.
КҮЗДІК ҚАРА БИДАЙ
Күздік қара бидай – маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның
дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулары, майлар, өте бағалы
айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптофан),
сонымен қатар А, В
1
, В
2
, Е, РР дәрумендері ж.б. элементтер бар, олар
адамзат тіршілігінде өте маңызды.
Қара бидай ұнынан әртүрлі нан сорттарын пісіреді, олар жоғары
қоректілігімен, жақсы дәмдік сапасымен, хош иістілігімен ерекшеленеді.
Ол техникалық және мал азықтық мақсаттарға да пайдаланылады,
304
арамшөптерден танапты жақсы тазартатын дақыл, әрі бірқатар екпе
дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Қазақстанда 2009 жылы күздік қара бидайдың егістік ауданы 59,8
мың га, ал астық өнімі 13,1 ц/га болды. Оның негізгі алқаптары СҚО,
ШҚО, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған, оларда
астық өнімі 10,8-17,2 ц/га аралығында. Әлеуетті астық өнімі - 18-20 дан
50-70 ц/га дейін. Өндірістік жағдайда бұл дақылдың астық өнімінің
төмендігі
оның
өсіру
технологиясының
жетілдірілмегендігінде
(тыңайтқыш қажетті деңгейде енгізілмейді, нашар алғы дақылдан кейін
орналастырылады ж.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |