291
еңкіш жерлер де жарамды. Негізінен күздік бидайды табиғи қар
тоқтайтын, наурыз айында қардың қалыңдығы 40 см болатын танаптарда
өсірген абзал.
Күздік бидай өсіру жоспарланғанда, учаскені таңдауда жер
пайдалану аумағында қысқы ылғалдың (қардың) бөлінуін көрсетіп
жасалған картограмманы негізге алу керек, басқаша айтқанда
топырақтың қысқы жауын-шашынмен қамтамасыз етілуіне сәйкес
егістік
аумағын
жоспарлайды.
Агроландшафтық
қар
тоқтату
картограммасын белгілі бір жер пайдалану аумағы үшін сол аймақтағы
ғылыми мекемелер жасай алады. Күздік бидай егістігіне арналған
алқаптар әдетте жартылай иілген қыраттың су жайылатын жел жағында
орналастырады. Аталған аймақта мұндай топырақтар ылғалмен
барынша жоғары деңгейде қамтамасыз етілген және құнарлылық
потенциалы да жоғары.
Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, мұндай агроландшафтарда
орналасқан танаптарда қар 10-12 тәулік кеш ериді. Қардың баяу еруі
яғни сулардың топыраққа кеш сіңуі мен босқа ағып кетпеуіне алғышарт
жасайды. Қорытындысында мұндай агроландшафтарға себілген күздік
бидай тіпті нашар қалыптасып дамыған ықтырманың өзінде қармен
біркелкі жабылады және ойдағыдай қыстап шығады.
Қардың еріп кетуін бір-екі аптаға кешеуілдетудің нәтижесінде
бидайдың көктемгі тіршілік үрдісі кешірек басталады да қайталанатын
көктемгі суықтың теріс әсерінен құтылады.
Күздік бидай өсіруге мұндай тәсілді тексеру үшін кезінде қазіргі
ҚР АШМ-нің «Бараев атындағы астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» РММ-
нің аумағында (Азаров Н.К., Ахметов Қ.А., Аринов Қ.К., Мұсынов Қ.М.,
1994) қар тоқтатудың картограммасы жасалды. Күздік бидайды бірнеше
жыл бойы екі ландшафта (бірінде қар қабатының қалыңдығы 21-30 см,
ал екіншісінде ол – 41 және одан жоғары болды) септік. Күздік
бидайдың орташа астық өнімі бірінші жағдайда күздік бидайда – 11,6
ц/га, бақылау ретінде жаздық бидайда – 15,3 ц/га болды, ал екінші
ландшафта – күздік бидайдың астық өнімі 24,0 ц/га, жаздық бидайда –
19,0 ц/га жетті.
Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидайға жалғыз алғы
дақылға ықтырмалы сүрі танабы жатады. Ықтырмалы сүрі танабына
себілген күздік бидай ылғалмен және қоректік заттармен барынша
жақсы қамтамасыз етіледі, әрі егін көгі қысқы үсіктен жақсы қорғалады.
Күздік бидайды арнайы ауыспалы егістерде шамамен дақылдарды
төмендегендей кескінмен кезектестіріп орналастыру ұсынылады:
1.
Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық
бидай;
2.
Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық
бидай;
3.
Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық
бидай – арпа.
292
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында тәлімі жерлерде
күздік бидай үшін (әсіресе ылғалы жеткілікті аудандарда) екпе сүр
танабы да жақсы алғы дақыл қатарына жатады. Күздік бидайдың астқ
өнімі бұл жағдайда таза сүр танабындағымен деңгейлес немесе сәл
төмен. Алайда екпе сүр жердегі дақыл өнімімен қайтарылады. Сүрі
жерге екпе ретінде – жүгері (жасыл балаусаға), ерте картоп, асбұршақ,
сиыржоңышқа мен сұлы қоспасы, сиыржоңышқа мен қара бидай
қоспасы (жасыл балаусаға), көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
(жасыл балауса мен пішенге) және бөрібұршақ (жасыл тыңайтқыш пен
балаусаға) өсіріледі. Күздік бидайды бұл аймақтарда сүрі жер емес алғы
дақылдардан кейін орналастырып өсіруге де болады, бірақ бұл жағдайда
алғы дақылдарды жинағаннан кейін күздікті себуге дейін кем дегенде
бір айдан ұзақ уақыт болуға тиіс.
Күздік бидайды жаздық танаптық ауыспалы егістерге енгізу
олардың өнімділігін арттырады және ауыспалы егістің әр гектарынан
астық шығымын молайтады. Оның үстіне күздік бидайдан кейінгі ерте
сүдігер топырақта қосымша ылғал, қоректік заттар жинақтауға
мүмкіндік жасайды, арамшөптермен ластануын азайтады, ал мұның өзі
кейінгі дақылдардың өніміне оң әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: