406
сорт үшін 1600—1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін —
1800—2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800—2200°
аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа дейін езгереді. Сондықтан
ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум
температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде
пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырақ ылғалдылығына
талғампаз. Бүршіктердің өнуі
мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен
қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-
жапырактар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға
кажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес
және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе
келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай
қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың жер
бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бүл
кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз
түрде қамтамасыз ету-жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бүл
кезеңдегІ судың жетімсіздігі тургордың тәмендеуі мен жапырақтың
солып калуына әкеліп соғады, ал мүның өзі фото-синтезге теріс әсерін
тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі
массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70—80%
дәрежесін.де үстағанда өнімнің қорлануына ең қолайлы жағдайлар
жасалады.
Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі
төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға
қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына карай қалыптасқан жылы
әрі қүрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі
қалың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде
өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жаксы
сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін
кешеуілдетеді, оларда жүқа, әлсіз кабық түзіледі, жинаған кезде олар
жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.
Топырактағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жөтімсіздігі
сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі,
олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялык және саңырауқүлак
ауруларымен залалдану артады.
Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру
әдістеріне байланысты картоптың транспирациялык коэффициенті 330—
700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу
ушін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ қүнарлығы мен
механикалық құрамына байланысты өзгереді: кұнарлы саздақ топырақ
85—100 л, құнарсыз құмдак топырақта 160— 200 л дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп
сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің
аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін
407
кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (қуаңшылық,
жоғары температура), өсімдіктер қысы-лып өседі әрі жекелеген
жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай
теріс құбылыстары аймақтың оңтустік бөлігінде суарылмайтын
жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: