Картоп өсірудің өндірістік (индустриальная) технологиясы
төмендегідей негізгі элементтерді қарастырады:
1) картоп плантациясын дұрыс орналастыру:
2) топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау;
3) органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті
мөлшерін (нормасын) енгізу;
4) алдын-ала қырқалар тілу;
5) отырғызылатын түйнектерді сапалы дайындау;
6) жоғары өнімді картоп отырғызатын машиналарды пайдаланып
дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырғызу;
7) уақытында күтіп-баптау (агротехникалық және химиялық
тәсілдерді тиімді жүргізе отырып арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға
қарсы тиімді күрес жүргізу);
8) шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ-жапырақ
массасын аластату;
9) сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға
дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |