Тыңайтқыш қолдану жүйесі
.
Картоп өніміне керекті қоректік
заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор,
марганец және т.б. заттар жатады.
Өсімдік тіршілігінде әрбір қоректік заттың өзіндік орны бар,
солардың біреуі жетіспесе өсімдік ойдағыдай өсіп-дамымайды.
О р г а н и к а л ы қ т ы ң а й т қ ы ш т а р.
Органикалық
тыңайтқыштардың өсімдіктің өнімін көтеру жолындағы маңызы өте зор.
Себебі олар өсімдікті керекті қоректік заттармен қамтамасыз етумен
қатар,
Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке керекті барлық
қоректік заттар орта есеппен 1 т шіріген көң құрамында 5 кг азот, 2,5 кг
фосфор, 6 кг калий және 3,5 кг кальций бар.
Органикалық
тыңайтқыштар
топырақтың
агрофизикалық
қасиеттеріне әсерін тигізуінің арқасында өсімдіктің ауамен тыныс алу
жағдайын да жақсартады. Бұл тыңайтқыштар шірігенде көмір қышқылы
көп бөлінеді, соның әсері өсімдіктің көміртегімен қоректенуін
жақсартады.
Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының деректері бойынша, 20 тонна көң төгілген алқаптың әр
гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 25 центнер картоп өнімі
артығымен алынған.
Көңнің әсері құмдауыт топырақта 2-3 жылға, сазбалшықты
топырақта 4-5 жыл, ал қара топырақта 5-7 жылға дейін сақталады. Көң
төгілген алғашқы жылы картоп одан, орта есеппен 20-25% азотты, 30-
40% фосфорды және 60-70% калийды өз бойына сіңіреді.
Қ ұ с с а ң ғ ы р ы ғ ы. Оның құрамында 1,6% азот, 1,54% фосфор,
0,85% калий, 2% кальций, 0,7%-ке дейін магний бар. Картоп өсірілетін
алқаптың әрбір гектарына 2 тонна мөлшерінде енгізіледі.
К ү л. Құрамында 11% калий, 5%-ке дейін фосфор және аздаған әк
болады. Күл топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартады.
Ж а с ы л т ы ң а й т қ ы ш.
Жасыл тыңайтқыштар ретінде
дәнді бұршақ тұқымдас өсімдіктерді өсірген тиімді.
Жасыл тыңайтқышты аударып жыртқанда топырақ құрамындағы
азот, фосфор, калий, кальций элементтері көбейеді. Сонымен қатар оның
физикалық қасиеті жоғарылайды, ылғал сақтау және су өткізгіштік
қабілеті артады, микроорганизмдер тіршілігі жанданып, ауаның жоғары
қабаты көміртегіне байиды. Жасыл тыңайтқыш ретінде себілетін
дақылдар ерте көктемде дәнді дақылдармен (арпа, сұлы) қосып себіледі.
Дәнді дақыл жиналғаннан кейін бұл алқаптағы жасыл тыңайтқыш
дақылы тез өседі және міндетті түрде күзде жыртылуы шарт.
М и н е р а л д ы т ы ң а й т қ ы ш т а р.
Картоп өнімін көтеру үшін
органикалық тыңайтқыштармен қатар, құрамында өсімдікке қажетті
және сіңімді түрінде кездесетін қоректік заттары бар минералды
тыңайтқыштардың маңызы зор. Профессор Н.С.Бацановтың деректері
бойынша картоп тамыр жүйесі қысқа әрі жетілмеген өсімдік
412
болғандықтан өзі өскен ортада қажетті қоректік заттардың толығынан
болуын талап ететін дақыл.
А з о т
– ақуыздың күрделі молекуласын түзетін аминқышқылдары
құрамына кіреді. Картоп өсімдігі азотты топырақтан азот қышқылының
минералды және аммоний тұздары арқылы алады.
Азот жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт
түстенеді, ерте сарғаяды, соның салдарынан түйнектің крахмалы азаяды
және өнімі төмендейді.
Азот шамадан тыс көп болса да зиянды, онда сабағы тым бойлап
өсіп, түйнегі жетілмей қалады және ұзақ уақыт піспейді.
Ф о с ф о р
да өте қажетті элементтердің бірі. Фосфор ақуыздың
құрамына кірмегенімен, нуклеин қышқылы құрамына кіреді, ол
ақуызбен қосылып нуклепротеидтер түзеді..
Фосфор – крахмалдың белгілі бір құрамы. Ол органикалық
қосындылар құрамына (ферменттер, дәрумендер) кіріп, өсімдік өмірінде
маңызды міндет атқарады. Фосфор жеткілікті болған жағдайда ғана
өсімдік дұрыс өсе алады. Ол фотосинтез үрдісіне қатысады, фосфорсыз
қант түзілмейді және крахмалға айналмайды.
Фосфор жеткілікті болған жағдайда өсімдік тамыры жақсы
дамиды, картоптың пісуі жеделдейді. Әсіресе картоптың көптеген
ауруларға (вирус, саңырауқұлақ т.б.) қарсы төзімділігі артады. Негізінде
фосфордың түйнек құрамындағы крахмалдың артуына, оның тұқымдық
қасиетіне және өнімі артуына тигізетін ықпалы зор. Фосфор жетіспеген
жағдайда өсімдіктің дамуы нашарлайды.
К а л и й
элементі азот, фосфор, күкірт сияқты органикалық
қоспалар құрамына кірмейді, ол өсімдік құрамында ионды түрде
қатысады. Калий жетіспеген жағдайда фотосинтез қарқыны, топырақтан
түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді.
Калий элементі жетпей тұрған өсімдікті, оның қола түсті
жапырағынан байқауға болады. Өсімдіктің гүл салу кезеңіне дейін
топырақта калий жеткілікті болса, картоп өнімі жоғары болады. Өсімдік
бойында калий жеткілікті болғанда ол саңырауқұлақ ауруларына төзімді
болады және X-вирусының таралуы бәсеңдейді.
Картоп гүлдеп болғаннан кейін, топырақтан қоректік заттар алуды
тоқтатады, ал түйнектің өсуіне керектік заттарды картоп сабағынан
алады. Картоп жинайтын кезде шамамен оның бойындағы барлық
азоттың 80%-ы, калийдің 86%-ы, фосфордың 90%-ы түйнек құрамына
енеді.
Картоп 100 ц өнім түзу үшін орта есеппен топырақтан 50-60 кг
азот, 20 кг фосфор және 70-100 кг калий алады. Қоректік заттардың
картоп өсімдігіне сіңімділігі сорттарына, топырақ құрамына,
ылғалдылығына, күтіп-баптау әдістеріне тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |