419
қарай таңдап алынады. Суармалы жерлерде және суарылмайтын, бірақ
топырақ ылғалдылығы мол жағдайында әрі өсімдік биіктігі 15—17 см
жеткенде картопты түптеуге кіріседі. Түптегішпен қатараралықтағы
топырақты қопсытып және оны сабаққа қарай үйеді. Мезгілінде және
сапалы түптелгенде жаңа тамырлар мен столондар пайда болады, ал
олар қосымша өнім қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Қажет болса
екінші рет түптеуге болады. Онда картоп гүлінің жаппай қауыздануына
дейін үлгеру керек. Түптеу жүмысын кешіктіруге болмайды, әсіресе ол
гүлденудің бас кезінде жүргізілсе тамырлар мен столондар айтарлықтай
зақымданады, өйткені бұл уақытта олар топырақ бетіне таяу орналасады.
Суарылмайтын алқаптарда және кұрғақ әрі ыстық ауа райы жағдайында
түптеу жүргізілмейді, өйткені ол топырақты тез кептіріп жібереді де
күткен нәтижені бере алмайды.
Қартоп плантациясында арамшөппен күресу үшін агротехникалық
шаралар мен гербицид пайдалануды қабаттастырып жүргізу керек.
Жаппай әсерлі гербицидтер барлық өсімдіктерді жоятын
болғандықтан, оны картоп жер бетіне көктеп шыққанға дейін
қолданады. Мұндай гербицидтерге жататындар -
арезин
,
50% ұнтақ
түрінде болады, (әсер ететін заты-монолинурон) картоп өсетін
танаптың әр гектарына 5 кг арезин препаратын 300 л суға ерітіп
бүркеді.
Достарыңызбен бөлісу: