Картопты отырғызу
. Картоп отырғызуды мүмкіндігінше ерте
10—12 см топырақ тереңдігінде жылу 6-7
0
жеткенде бастаған дұрыс.
Мұндай мүмкіндіктер Солтүстік Қазақстан жағдайында сәуірдің соңғы
онкүндігі – мамырдың бас кезінде болады. Осы мерзімде
отырғызылатын картоптың тамыр жүйесі қуатты түрде дамиды, өйткені
салқын температурада жер үсті массасына қарағанда өсімдіктің тамыры
тезірек өседі. Картоп ең алдымен механикалық құрамы жеңіл, ал сонан
соң ауыр топыракқа отырғызылады. Кесілген түйнектерді қолайлы
мерзімнің соңында отырғызады. Аймақ шаруашылықтарында көктем
ерекшеліктерін, өсірілетін сорттар және баска факторларға байланысты
картоп отырғызуды 15—17 мамырдан кешіктірмей аяқтау қажет.
Оңтүстік облыстарда картоп отырғызуды жаздық астық дақылдарын
сепкеннен соң, 7-8 күнде аяқтаған тиімді.
Картоп отырғызудың негізгі әдісі-қатараралығы 70 см кең қатарлы
әдіс. Шамалы қоректену алаңы ерте пісетін сорттар және ұсақ
түйнектері, ал кең қоректену алаңы орташа мерзімде және ортадан кеш
пісетін сорттарда және орташа іріліктегі және ірі түйнектерді
пайдаланғанда
байқалады.
Суармалы
жерлерде
картоп
жиі
отырғызылады — гектарына 50-57 мың өсімдік (70х25, 70х28 см), ал
суарылмайтын жағдайда — 35-40 мың (70х35, 70х40 см). Тілінген
қырқаларға отырғызғанда саздақ топырақта сіңіру тереңдігі 6—8 см, ал
кұмдақ топырақта 8-10 см. Суармайтын жағдайда өсірілетін картопты
тегіс, немесе жартылай қырқаларға 12—14 см тереңдікке отырғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |