Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет435/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

(кіндік жағы)



 

көздерге қарағанда тезірек оянып тез дамиды. 

Түйнектің

 

кіндік  жағына  орналасқан  көздері  көбінесе  сабақ  бермейді,



 

соның салдарынан өнімге әсерін тигізеді. 

Түйнекті

 

химиялық өсіргіш заттармен араластырып отырғызғанда,



 

оның  жоғары  бөлігіндегі  көздерімен  қатар,  кіндік  жағында  орналасқан 

көздер  оянып,  өнім  беретін  сабаққа  айналады  және  жапырақтарының 

жалпы көлемі ұлғаяды. 

Гиббериллиннің

 

0,002-0,006% 

-дық 

ерітіндісімен  түйнекті 



отырғызардан бір күн бұрын 2 сағат бойы ылғалдап бұқтырады. 

Химиялық  өсіргіш  заттарды  бір  жылда  екі  өнім  алу  үшін  ерте 

қазып  алынған,  физиологиялық  жетілмеген  жас  түйнектердің  көздерін 

ояту үшін де маңызы зор. 

Жас  түйнектерді  ояту  үшін  тиомочевина  ерітіндісін  пайдалану 

жақсы  нәтиже  береді.  Ол  үшін  жас  түйнектерді  тимочевинаның  1-2%-

дық  ерітіндісіне  кесіп  салады.  Екі  сағат  өткен  соң,  жас  түйнектерді 

ерітіндіден  алып,  биіктігін  50-60  см  етіп  үйіп,  үстін  матамен  немесе



 

полиэтиленмен  8-12  сағатқа  жауып  тастайды,  содан  соң  танапқа 

отырғызады. 

Жас  түйнектерді  оятудың  жеңіл  тәсілі  оларды  гиббериллин 

ерітіндісімен  ылғалдау  немесе  қазып  аларда  картоп  сабағына  бүркіп 

шашу.  


Тұқымдық  түйнектерді  отырғызар  алдында  микроэлементтер 

қосындысымен араластырып отырғызу да жақсы нәтиже береді. 

Ол  үшін  тұқымдық  картопты  отырғызар  алдында  өңдейтін 

микроэлементтер  ретінде  0,002%  2,4-Д-амин  тұзы,  0,005%  КМnО

4

-

марганец қышқылды калий, 0,05% СuSО



4

- мыс купоросы, 1,0% Н

3

ВО



бор қышқылы пайдаланылады.  

Ашық  және  тиімді  дайындау  әдістерінің  бірі  отырғызар  алдында 

түйнектерді  күн  көзіне  қыздыру  болып  табылады.  Ауа  райы  жылы 




 

417 


болғанда  (+16  —20°)  отырғызардан  5—7  күн  бұрын  түйнектерді  сақтау 

орындарынан  далаға  арнаулы  алаңдарға  шығарып  қалыңдығын  30—50 

см  асырмай  жайып  тастайды.    Күн  салқындаса  түйнектерді  пленкамен, 

сабанмен т. Б. Жабады. 

Дәрілеуді  отырғызардан  1—2  күн  бұрын  қырмандарда  жалда, 

конттейнерлерде,  немесе  арнаулы  картоп  отыргызатын  маши-наға  асып 

қойылатын 

құралдармен 

жүргізіледі. 

Дәрілеуге 

колданылатын 

ерітіндінің  кұрамы  мынадай:  100  л  суға  4



 

килограммнан  суперфосфат, 

аммиак  селитрасы,  калий  тұзы,  0,3—0,4  кг  мыс  купоросы  және  3,0  кг 

ТМТД  препараты  ерітіледі.  Түйнектерді  мұндай  ерітіндіде  өңдеу 

дезинфекция  қызметін  гана  атқарып  қоймай,  түйнектерде  зат  алмасуды 

тездетеді,  өскіннің,  ал  соңынан  бүкіл  өсімдіктің  дамуын  тездетеді.  Іт 

картопқа  60—70  л  ерітінді  жұмсалады.  Кең  көлемді  әсер  ететін 

фундозол  (0,5—  1,0  кг/т),  поликарбацин  (2,5—2,7  кг/т)  купрозон  (0,3—

0,5 кт/т) препараттары да пайдаланылады. 

Аталған  препараттардың  дәрілеуге  қажет  мөлшері  1  т  картопқа 

50—70 л судағы ерітіндісі (суспензиясы). 

Картопты суармалы жерлерде және ылғал мол түсетін аудандарда 

өсіргенде картопты 

алдын-ала тілінген кырқаларға

  отырғызудың  тиімді 

екендігін  еліміз  бен  респубикадағы  алдыңғы  қатарлы  картоп 

шаруашылықтарының  тәжірибесі  дәлелдеп  отыр.  Алдын-ала  тілінген 

қырқалар  (жалдар)  топырақтың  қосымша  үгілуіне,  түйнек  орналасатын 

алаңның  температурасын  3—4°  көтерілуіне,  сөйтіп  картоп  көгінің  5—6 

күн бұрын шығуына мүмкіндік жасайды. Қырқаларды тілуге жұмсалған 

шығын  көктемнің  өзінде-ақ  картоп  отырғызатын  машиналардың  өнімді 

әрі сапалы жұмысымен ақталады: отырғызу тереңдігі мен жиілігі мұқият 

сақталады,  картоп  отырғызатын  машинаны  сүйреген  тракторға 

маркердің  қажетсіздігі  т.б..  Қырқалар  дайындаудың  үш  түрі 

ажыратылады:  күзде,  көктемде    және  отырғызу  кезінде  картоп 

отырғызғыш құрылымының дискілерімен бірден тілу. 

Күзгі  қырқалар  ең  алдымен  ерте  картоп  өсіруде  қолданады.  Оны 

әдетте  тегіс  бедерлі  алқаптарда  күздің  соңында    топырақ  жана  қата 

бастағанда  дайындайды  (топырақ  отырып  және  тығыздалып  қалмау 

үшін).  Қырқаларды  тілуден  бір  апта  бұрын    танап  терең  қопсытылады-

25-27  см,  бір  мезгілде  тырмаланады.  Көктемгі  қырқалар      әдетте 

отырғызу  алдында  ылғалмен  жақсы  қамтамасыз  етілген  аудандарда 

қолданады.  Оны  көктемгі  тырмалау,  культивация,  қайырмасыз  соқамен 

жыртудан  соң  топырақ  ұсақ  кесекті  жағдайға  жеткізілгеннен  кейін 

жасалады,  әрі  күзде  жасалған    күзде  жасалған  қырқаларға  ұқсас  және 

тереңдігі  16-17  см-ден  асырылмайды.  Қырқаларды  (жалдарды)  алты 

немесе  сегіз  қатарлы  культиваторлармен  тіледі:  түптегіштер  немесе  екі 

немесе  үшқабатты  табандармен  құрылымдалған  КОН-2,8  ПМ,  КРН-4,2, 

КРН-5,6  культиваторларының  бірімен  маркерсіз  немесе  маркердің 

көмегімен  қатараралығы    70  см  етіп  жүргізеді.  Алғашқы  жылдар 



 

418 


вешкалар  (нысана  қадалар)  бойынша  іске  асырылады  және  олардың 

биіктігі 25 см кем болмағаны дұрыс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет