қотыр-ризоктониоз,
т.б.)
қоздырғыштар
еніп,
залалдандырады.
Сондықтан кесіп
отырған пышақты жиі-жиі 3-5%-дық лизол немесе
марганцовка ерітіндісіне
малып отыру керек.
Т ү й н е к т е р д і к ө к т е т у.
Картопты отырғызуға
дайындаудың ең көп тараған және пайдалы әдістерінің бірі – түйнекті
көктету. Жылу мен жарық әсерінен
түйнек көздері айналасындағы
ферменттердің
белсенділігі
артып, қоректік заттар шоғырланып түйнек
өркендерін тез өсуге мәжбүр етеді.
Осыған байланысты көктетіп
отырғызған картоптың
жер бетіне
шығуы, көктетпей отырғызған картопқа қарағанда
8-12, гүлденуі
7-14,
ал пісіп-жетілуі 12-15 күндей ертерек болады. Картопты алдын-ала
көктетудің, одан ерте және мол өнім алудан басқа, түйнек құрамындағы
крахмалдың артуына, оның аурулармен залалдануы азайып, тұқымдық
сапасының жоғарылауына да әсері бар.
Көктетудің екі тәсілі қолданылады: жарықта және ылғалды ортада.
Ж а р ы қ т а к ө к т е т у.
Жарықта көктетудің негізгі міндеті
картоп отырғызатын мерзімге дейін түйнектен ұзындығы 2-3 см
көгерген және көктеген тамыр түйіршіктері бар, мықты өркен алу.
Ерте пісетін сорттарды +10...+12°С, ал орташа және кеш мерзімде
пісетін сорттарды +12...+14°С жылулықта көктету қажет, қажетті
жылуды бір қалыпты ұстаған жағдайда жарықта өсіру мерзімі 30-40
күнге созылады.
Картоп әдетте наурыз-сәуір айларында көктейтін болғандықтан,
оны көп шығынсыз-ақ жабық не ашық алаңда жүргізуге болады. Ол
үшін картопты әрбір шаршы метр жерге 50-60 кг шамасында төгеді,
қалыңдығы 2-3 түйнек қатардан аспауы керек. Егер электр жарығы
пайдаланылса, онда әрбір 1м
2
жерге 40-60 вт электр қуаты қажет. Жарық
түйнектің көздері оянған уақыттан бастап күніне 8-10 сағат беріледі.
Көктетуді үсік жүретін кезең өткеннен кейін, ашық алаңда еш шығынсыз
жүргізуге болады. Осылай көктетілген тұқымнан көктетілмеген тұқымға
қарағанда 10-күндей ерте өнім алуға болады.
Түйнекті отырғызғаннан кейін 4-5 күнде осы түйнектерден мықты
тамыр жүйесі жайылады.
Ы л ғ а л д ы о р т а д а к ө к т е т у
.
Картоп түйнегін ылғалды
ортада өндіргенде, оның өркенімен қатар тамыры қоса шығады. Мұндай
түйнектерді ылғалы бар жылы топыраққа отырғызса жер бетіне тез өніп
шығып, ертерек өнім береді. Бұл әдіспен өндіру үшін торф, көң, ағаш
үгіндісін, т.б. заттарды пайдалануға болады. Ол үшін түйнек
өркендейтін орта жылулығы +12...+15°С-тан төмен және +20°С-тан
жоғары болмауы қажет. Көктетілетін ортаның толық ылғалдылығы
416
төменгі ылғалсиымдылықтың (ТЫС-тың) 70-85% шамасында болғаны
дұрыс.
Осындай жағдайда түйнектерді жоғарыда айтылған ылғалды
заттардың бірімен араластырып 15-20 күн бойы көктетіледі. Түйнектерді
микроэлементтер ерітіндісін қоректік заттармен араластырып көктеудің
пайдасы зор. Ол үшін 1-2 г
мыс купоросын 1 л суға, 40-50 г аммиак
селитрасын, суперфосфатты және хлорлы калий тұзын 10 л суға ерітеді.
Осындай ерітіндінің 50-60 л 1м
2
жерге жайылған картоп түйнектерімен
араластыра сіңіргенде картоп өнімділігі гектарына 10-15 центнерге
артады және 3-4 күндей ерте піседі.
Түйнектерді ө с і р г і ш з а т т а р м е н өңдеп отырғызу.
Түйнек
көздерінің оянуы және өркендеуі, оның құрамындағы өсіргіш заттарға
тығыз байланысты.
Картоп түйнегінің жоғары бөлігі оның төменгі бөлшегіне
қарағанда өсіргіш заттарға бай келеді. Соның әсерінен картоптың
жоғары бөлігінде орналасқан көздері, оның сабақпен жалғасқан бөлігіне
орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: |