Картоп
дақылына бор, мырыш, марганец
микроэлсменттерін қолдану өнім сапасының жақсаруына әсерін тигізеді.
Гектарынан 150-200 ц өнім жинау
үшін қара топырақты аймақтағы
тәлімі жерде таза сүрі жерге отырғызылатын картопқа азоттың ең тиімді
мөлшері N
40
болып саналады. Егер топырақтағы жылжымалы фосфор
мен алмаспалы калий мөлшері
төмен болса Р
60-70
, К
45-55
, жоғары болса
P
25-30
, К
15-25
қолданған жөн.
Күңгірт қара-қоңыр топырақ жағдайында азот тыңайтқышының
мөлшерін 70-90 килограмға дейін, ашық қара-қоңыр топырақта 90-100
килограмға дейін жеткізу керек. Қара-қоңыр топыраққа берілетін
фосфор және калий тыңайткыштарының мөлшері оның құрамындағы
жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий элементтермен камтамасыз
етілу деңгейі орташа болғанда Р
70-80
, К
60-70
берген дұрыс. Қоректік
заттардың мөлшері жоғары болса фосфор, калий тыңайтқыштарының
мөлшерін 30% азайтады, керісінше, қамтамасыз етілу деңгейі төмен
болса тыңайтқыш мөлшерін 30% арттырады.
Суармалы жерлерден гектарынан 200-300 центнер өнім жинау
үшін қара топыраққа 90-100 кг, қара-қоңыр топыраққа 120-150 кг, боз
топыраққа 150-180 кг азот беріледі. Фосфор мен калий мөлшері
топырақтағы осы элементтердің мөлшеріне байланысты 40-140 кг болуы
керек.
414
Қазақтың ғылыми-зерттеу картоп және көкөніс шаруашылығы
институты ашық қара-қоңыр топырақка Р
120
енгізгенде гектарынан 38,2
ц, N
80
Р
120
бергенде 54,5 ц, ал тыңайтқыштарды N
80
P
120
K
60
мөлшерінде
қолданғанда 83,6 ц қосымша өнім жинағаны туралы деректер бар.
Картопқа органикалық тыңайтқыштар жақсы әсер етеді, аталған
институттың деректері бойынша қара қоңыр топырақтың гектарына 25
тонна жартылай шіріген көң пайдаланғанда картоп өнімі 45 центнерге
артқан.
Картопқа тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілі-көң, фосфор,
калийдің барлық мөлшерін, азоттың жылдық мөлшерінің 50-70%-ын
күзде, ал азоттың калғанын дақылдың шанақтану кезеңінде үстеп
қоректендіру болып саналады.
Карбонатты қара-қоңыр және боз топырақтарда мырыштың
жылжымалы түрі жеткіліксіз болатындықтан күкірт қышқыл мырыш
пайдалану картоп түсімін 13-20% жоғарылатады. Ол үшін тұқымдық
материалды 0,3% күкірт қышқыл тұзының судағы ерітіндісімен өндеуді
(1 тонна тұқымдық материалға 50 литр есебінде) немесе осы тұздың
0,2% ерітіндісімен шанақтану алдында тамырдан тыс үстеп
қоректендіреді (1 га егіске 1000-1200 литр ерітінді жұмсалады).
Достарыңызбен бөлісу: |