Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет439/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   490
Байланысты:
index (15)

Картопты  суару.

  Қуаңшылықты  аймақтарда  1  центнер  картоп 

түйнегін  қалыптастыруға  орта  есеппен  15  м

3

  су  қажет  екендігі  белгілі  . 



Осы жағдайларда гектарынан 200ц картоп түйнегін алу үшін ғана 3000м

3

 



су  қажет.  Егер  сөзсіз  шығынды  ескерсек  атмосфералық  ылғал  мөлшері 

ылғи  жоғары өнім алуға  мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан картопты 

суару оны күтіп баптау жүйесінде ерекше орын алады. 

Картоп  өсімдігінің  өсіп  дамуына  оңтайлы  жағдай  топырақтың 

ылғалдылығын  төменгі  ылғал  сиымдылықтың  (  ТЫС-тың)  көрсеткішін 

көктеп шыққанға дейін -65-70%, бүршіктену –гүлдену кезеңдерінде -75-

85%,  сабақ  жапырақтары  сола  бастағанда  -60-65%-дан  кем  түсірмеген 

дұрыс.  Осы  көрсеткіштерге  сәйкес  суару  мерзімі  мен  мөлшері 

анықталады.  Картопты  суару  әртүрлі  әдістермен  жүргізілуі  мүмкін, 

бірақ  ең  тиімді  әрі  өнімдісі  жаңбырлатқыш  қондырғылар  және 

машинамен  (ДДА-100  МА,  ДДН-100,  ДМУ  «Фрегат»  ж.  Б.)  жүргізу 

болып табылады. 

Суару мөлшері суару тәсіліне, топырақ  құрамына қарай өзгереді . 

Еліміздің  көптеген  аудандарында  құмдауыт  топырақтарда  тиісті 

ылғалдылықты қамтамасыз ету үшін 600-800 м

3

/га дейін су беріледі. 



Солтүстік Қазақстан жағдайында 250—400 м

3

/га мөлшерімен 4—5 



рет  вегетациялық  суару  жүргізіледі.  Қейбір  ылғалды  жылдары 

мезгілінде  берілген  2—3  суарудыц  өзі-ақ  жоғары  өнім  алуды 

қамтамасыз  етеді.  Куаңшылық  жылдары  5—6  ретке  дейін  суару 

қажеттігі туады (А. Н. Нургалиев, 1984). 

Қартоп  ерте  отырғызылғанда,  ылғалмен  жақсы  камтамасыз 

етілгенде бірінші суаруды картоп көгі шыққаннан кейін жүргізіледі. 

Қеш  әрі  құрғақ  топырақта  отырғызылғанда  суаруды  картоп 

отырғызылысымен  жүргізеді,  мұның өзі егін  көгінің тез  пайда  болуына 

мүмкіндік  жасайды.  Қелесі  суаруларды  гүл  қауыздануының  алдында, 

гүлдену  кезеңінде  және  соңғысын  картопты  жинаудан  20  күн  бұрын 

берген жөн. Гүл қауызы пайда болардың алдында жүргізілген суарудың 

орны  бөлек,  бұл  кезде  түйнектер  қалыптаса  бастайды.  Түзілетін 

түйнектер  саны  осы  уақытта  ылғалмен  қамтамасыз    етілуіне 

байланысты.  Ауа-райы өте құрғақ болғанда шамалы суару нормасымен 

(100—120  м

3

/га)  қосымша  салқындататын  суаруды  пайдаланады,  бүл 



топырақтың,  ауаның  температурасын  төмендетеді  өсімдіктер  арасында 

микроклимат жасайды әрі азғындау ауруымен залалдануды төмендетеді. 

Топырақтың  үлкен  тереңдікте  ылғалдануы  суару  алдында  топырақта 

30—35 см тереңдікке саңылау жасағанда қамтамасыз етіледі. 

Желдің  теріс  әсерінен  өсімдіктердің  күйіп  кетуінен  және  булану 

арқылы  шығын  болуынан  сақтану  үшін  суаруды  таңертеңгі,  кешкі, 

немесе  түнгі  сағаттарда  жүргізген  макұл.  Әрбір  суарудан  кейін, 

топырақтың беті кебіңкіреген кезде, қатараралықтарды өңдейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет