Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет440/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   490
Байланысты:
index (15)

Картоп  жинау

  —  оны  өңдірудегі  барлық  жұмыс  жиынтығының 

ішіндегі көп еңбек сіңіруді талап ететін операция. Картоп өсіруге кететін 

барлық шығынның 50—60 пайызы осыған жұмсалады. 




 

421 


Азық-түліктік  картопты  түйнектердің  толық  физикалық  пісуі 

жеткен  кезде,  яғни  сабақтары  мен  жапырақтары  солып  кураған  кезде 

жинай  бастайды.  Алайда,  Солтүстік  Қазакстанда  өсіп-өну  кезеңі  қысқа 

және  жаздық  екінші  жартысында  жауын-шашынның  көптігіне 

байланысты  картопты  көп  жағдайда  жапырағы  мен  сабағы  көктей 

кезінде  (әсіресе  ортадан  кеш  пісетін  сорттарын)  жинауға  тура  келеді. 

Күзгі тұрақты үсік түскенше картопты 25—30 күнде жинап бітіру үшін, 

тамыздың  үшінші  онкүндігінде  жинауды  бастау  кажет,  ол  үшін  әуелі 

ерте  пісетін  сорттардан  бастайды  да  20  қыркүйектен  қалдырмай  толық 

жинап бітіру керек. 

Түйнектердің 

пісуін 


тездету, 

жинау 


кезінде 

олардың 


жарақаттануын  азайту  және  жинағыш  машиналардың  жұмыс  жағдайын 

жақсарту  ниетімен  5—7  күн  бұрын  жапырақ-сабақтарын  ұсақтағышпен 

(КИР-1,5) картоп казғышпен жиналатын болса шабу биіктігін 8—10 см, 

ал  комбайнмен  жиналатын  болса  —  18—  20  см  биіктікте  сабақ-

жапырақтарын  шауып  тастайды.  Сабақ,  жапырақтарды  десикация 

әдісімен бүрку арқылы кептіріп, қуратуға болады. 

Ол үшін картоп егістігін магний хлоратымен (30-35 кг/га мөлшерін 

400-500л/га жұмысшы ерітіндісінде) немесе харвейд 25 F препаратымен 

(3,0  кг/га  мөлшерінде)  фитофтороз  ауруына  қарсы  қолданған 

фунгицидтық өңдеуден 7-10 күн күннен асырмай егістік бүркіледі. 

Тұқымдық картопты  КТН-2В, КТС-1,4 қазғыштарымен жинайды. 

 

Жинаудың үш тәсілі белгілі

1.

 



Тасқынды (тікелей комбайнмен); 

2.

 



Бөлектеп жинау; 

3.

 



Құрама (құрастырылған). 

Тасқынды  жинау  немесе  тікелей  комбайнмен 

жинау  тәсілі 

топырақ қанағаттанарлық деңгейде еленгенде (сепарацияланғанда) және 

ылғалдылығы  12-23%-дан  аспайтын  жеңіл  және  орташа  механикалық 

құрамды  топырақтарда  қолданылады.  Ол  үшін  Е-686,  ККУ-2А 

комбайндарымен  жинап,  КСП-15Б    сорттау  (іріктеу)  пунктеріне 

жеткізеді. 

Бөлектеп жинау тәсілі 

ауыр және ылғалды топырақтарда тікелей 

комбайнмен жинау мүмкіндігі жоқ болғанда қолданылады. Түйнектерді 

екі  қатардан  дестетүзгіш  УКВ-2  құралымен  дестеге  салынады  да  кейін 

комбайнмен жинайды. 

Құрама  жинау  тәсілі

  екі  кезеңді:  бірінші  кезеңде  картоп  УКВ-2 

құрылымымен  қазылады  да  қазылмаған  екі  көрші  қатараралыққа 

салынады; екінші кезеңде түйнектер комбайнмен жиналады, бір мезгілде 

басқа қатарлардағы түйнектер қазылады. 

КТН-2В  қазғышымен  және  трактор  соқасымен  қазып,  кейіннен 

қолмен жинауға да болады. 

 

 



 


 

422 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет