427
Малазықтық сірнеде 60% дейін қант болады және оның
малазықтық құндылығы дәнге жақындайды, себебі оның 1 кг-да 0,77
малазықтық өлшем және 45 г қорытылатын протеин бар. Сонымен қатар
сірне кондитер және тағам өндірісіне шикізат та болады.
Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150 ц
жапырақ өнімін бергенде алынатын барлық қосымша өнімдердің
(жапырақтар, сығынды, сірнелер) малазықтық құндылығы 5000-ға жуық
малазықтық өлшемді құрайды.
Дефекациялық лас қалдықтар (қызылша қантын өндірудегі
қалдықтар) тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
100 ц тамыржемісті өңдегенде 13-16 ц қант, 83-90 ц сығынды және
3,5-4 ц сірне алынады.
Қант қызылшасы тамыржемісінің шамамен 40-50% малға азық
болса, оны арнайы малазық ретінде де өсіруге болады.
Демек, біздің елімізде қант қызылшасы техникалық дақыл ғана
емес, маңызды малазықтық дақыл. Малазықтық құндылығы бойынша
қант қызылшасы малазықтық қызылшадан екі еседен артыққа асып
түседі: оның бір кг-да 0,26 малазықтық өлшем, 12 г қорытылатын
протеин, 0,5 кальций және 0,5 г фосфор болады. Басқа тамыржемістерге
қарағанда қант қызылшасы біршама жақсы сақталады.
Қант қызылшасының агротехникалық маңызы да зор. Ауыспалы
егістерге
оны
енгізуден
егіншілік
мәдениеті
артады.
Қант
қызылшасының топырағын терең өңдеу мен өсіп-жетілу кезеңіндегі
жүргізілетін күтіп-баптау шараларының арқасында, танап келесі егілетін
дақылдар үшін арамшөптерден тазартылады және онда ылғал жиналады.
Демек, қант қызылшасы көптеген ауылшаруашылық дақылдарына
құнды алғы дақыл және ауыспалы егістердің жалпы өнімділігін көтереді.
Қант қызылшасын жер шарында 9,5 млн гектарға өсіреді, оның
жартысына жуығы ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиеді (Украина, Ресей,
Молдавия, Беларуссия).
Қант қызылшасы Республиканың оңтүстік шығысында (Алматы
және Жамбыл облыстары) суармалы жерлерде өсіріледі.
Егер 1991 жылға дейін Қазақстандағы қант қызылшасының егіс
ауданы 57 мың гектар құраса, соңғы жылдары дақыл 20 мыңдай гектар
жерге ғана егіліп жүр. Республикада 7 қант зауыты бар, қант қызылшасы
шикізатының аздығынан олар балқурайдан қант өндіруге қайта
жабдықталған. Қант қызылшасы тамыр жемісінің орташа өнімділігі 210-
230 ц/га құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: