428
өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу тегі салаыстырмалы
беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның
араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылығы дақылы. Қант
қызылшасының
бірінші
жылы
жертаған
жапырақтары
мен
тамыржемістері, екінші жылы – гүл түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп
жетіледі (Сурет 44).
.
С
урет 44. Қант қызылшасы. 1, 2 – егін көгі және нағыз қос жапырақ
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3, 4 – эккендорфская желтая малазықтық қызылшасының
І-бірінші жылғы өсіп-даму кезеңіндегі өсімдігі және тамыржемісінің көлденең
қимасы; 5, 6 – қант қызылшасының өсіп-дамуының бірінші жылғы өсімдігі және
тамыржемісінің көлденең қимасы; 7 – гүлді сабақтың бір бөлігі; 9 – көпөскінді және
бірөскінді қызылша жемісшесі; 10 – тұқымы.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан
жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ
тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып
тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-
800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің пішіні – конус тәрізді, құрылысы: басы, мойны
және нағыз тамырдан тұрады. Басы – тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі
429
өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің
басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз. Мойын-тамыржемістің
басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен
тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі – тамыржемістің төменгі конус
тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп
жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20%) тамыр
жемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен - 75% су, 25% құрғақ
заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады.
Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді,
сағақты. Пішіндері жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының
сағақтары қысқа және тақтасы дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары
ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ тақтасының толқынды, ойықты
немесе тегіс болуы сорттық белгі мен өсіру жағдайына байланысты.
Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60-
қа таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы – қыста
сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді
өркендер пайда болғаннан кейін барып береді.
Гүлдері – қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлденуі 20-40
күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел
мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі – жаңғақша. Көп тұқымды қант қызылшасының жемістері
2-5 тұқыммен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқымның массасы 20-дан
50г дейін. Біртұқымды қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан
тұрады, сондықтан механикалық себуге ыңғайлы.
Тұқымның сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның
ұрығы перисперманың (қоректік заттар орналасқан жер) айнала сақина
тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында
орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: