Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет447/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   490
Байланысты:
index (15)

Топырақ  өңдеу  жүйесі.

 

Қант  қызылша  танабы  тереңге  жыртылу 

тиіс,  өйткені  өсімдік  қуатты  тамыр  жүйесін  қалыптастыруы  және 

микробиологиялық  үрдістердің  белсенді  жүруі,  ылғал  мен  қоректік 

заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей байланысты. 

Қант  қызылшасы  танабының  топырағын  өңдеу  –  негізгі  (сүдігер) 

және  тұқым  себер  алды  өңдеулерден  тұрады.  Сүдігер  жырту  алғы 

дақылдар  мен  топырақ  климат  жағдайларына  байланысты  Ол  негізінен 

танапты  арамшөптерден  тазартуға  және  топырақта  ылғал  мен  қоректік 

заттар жинауға бағытталуы тиіс. 




 

432 


Топырақты негізгі өңдеу – аңызды сыдыра жыртқыштармен өңдеу 

және  тереңге  сүдігер  жыртудан  тұрады.  Аңызды  мүмкіндігінше  ерте 

сыдыра жыртқыштармен өңдеу үшін қант қызылшасын себуге арналған 

танаптағы сабандарды жиналған астықтармен бірге алып кету керек. 

Сыдыра  өңдеуді  10-12  см  тереңдікке  дискілі  немесе  түренді 

сыдыра  жыртқыштармен,  сүдігер  жыртуды  –  мүмкіндігінше  ерте,  30-32 

см  тереңдікке  шолақ  түренді  соқамен  атқарады.  Ерте  жырту  топырақта 

ылғал  мен  қоректік  заттардың  мол  жиналуына  септігін  тигізеді,  құрғақ 

ауа  райында  топырақты  соқамен  жырту  тығыздаумен  бірге 

(шығыршықты  таптауышпен  бір  агрегатта)  атқарылады.  Ол  ылғалдың 

жақсы сақталуы мен арамшөптердің өсіп шығуына жағдай жасайды. 

Жинаудан  кейін  жылы  ауа  райы  ұзақ  болатын  жағдайда 

жақсартылған  топырақты  жартылай сүрілеп  өңдеу жүйесін  пайдалануға 

болады.  Күздік  бидайды  жинағаннан  кейін,  дискілі  сыдыра 

жыртқыштармен  топырақты  7-8  см  тереңдікке  өңдейді,  10-12  күннен 

кейін  түренді  сыдыражыртқыштармен  14-16  см  тереңдікке  екінші  рет 

өңдейді, немесе 18-20 см тереңдікке топырақтың жағдайына байланысты 

тісті  тырма  немесе  шығыршықты  таптауыштарды  бір  агрегатта 

пайдаланып,  соқамен  қайта  таяз  жырту.  Сонан  соң  арамшөптердің 

шығуына  қарай  топырақты  тырмалайды  немесе  қопсытады.  Терең 

жыртуды (30-32 см ) қыркүйек айында жүргізеді. 

Мұндай  топырақты  өңдеу  жүйесі  арамшөптермен  тиімді  күресуді 

және  топырақта  көп  ылғал  мен  қоректік  заттардың  жинақталуын 

қамтамасыз етеді. 

Суармалы  жерлерде  алғы  дақылдар  өнімін  жинағаннан  кейін 

танаптарға  жеңіл  түрде  тегістеу  жүргізеді,  сонан  соң  гектарына  1000-

1200 м

3  


мөлшерде жырту алдында суарады.

 

 Егер  қант  қызылшасын  дәнді  дақылдардан  кейін  себетін  болса, 



оларды  жинағаннан  кейін  артынша  суару  жүргізіледі.  Аңызды  7-10  см, 

содан  соң  12-14  см  тереңдікке  сыдыра  жыртып  тыңайтқыштарды 

топыраққа сіңіреді. Сүдігерді 28-30 см тереңдікке жыртады. 

Тұқымды  себу  алдындағы  өңдеу  –  сүйреткісі  бар  тісті  тырмамен 

(екі  ізбен)  тырмалау  және  5-6  см  тереңдікке  себу  алдындағы  қопсыту 

мен  тырмалаудан  тұрады.  Арамшөптермен  ластанған  топырақтарда  екі 

қопсыту тырмалаумен бірге қолданылады: біріншісі – 7-8 немесе 9-10 см 

тереңдікке,  екіншісі  –  себу  алдындағы  тұқым  себу  тереңдігіне 

тығыздаумен бірге жүргізіледі. Топырақты себу алдындағы дайындауда 

гектарына 4 кг мөлшерінде эптам гербициді қолданылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет