Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет455/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

ҚАРБЫЗ 

 

Халық 

шаруашылығындағы 

маңызы.

 

Қарбыздың 

шөл 

қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны әсіресе 



ыстық  ауа  райында  егістік  басында  қара  судың  орнына  шөл  басу  үшін 

пайдаланған  жақсы.  Қарбыз  салқын  сусындарды  алмастырады,  оның 

құрамында  көп  мөлшерде  (12%  дейін)  жеңіл  сіңімді  қант  болады. 



 

440 


Қарбыз  қанты,  көбінесе  қант  диабетімен  ауыратындарға  қажетті  жақсы 

сіңіретін  фруктозадан  тұрады.  Қант  мөлшері  бойынша  қарбыздар 

көптеген  жемістер  мен  жидектерден  асып  түседі,  тіпті  ананас,  жүзім, 

алмұрттан кем емес. 

Қарбыздарда 

адам  ағзасындағы 

көптеген 

физиологиялық 

үрдістерді  реттестіруге  ықпал  ететін  –  глюкоза,  сахароза,  фруктоза, 

дәрумендер  (А,  В,  С,),  пектиндер,  сіңімді  ДК  тұздары,сондай  ақ  фолий 

қышқылы  мен  темір  сияқты  заттар  болады.  Сондықтан  қарбыз  өнімін 

цингаға  қарсы,  бүйрек,  өт  жолдары  ауруларын  алдын  алу  мен  емдеу, 

ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланады. 

Қарбыз  жұмсағын  ұзақ  пайдалану  мақсатында,  олардың 

жемістерін консервілейді-тұздайды. 

Қарбыздар  –  тағам  өнеркәсібі    үшін  құнды  шикізат.  Олардан 

құрамында 65% қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) 

дайындайды.  Қарбызды  өңдегенде  бал  шығымы  5-7%  (өз  массасынан). 

Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель және повидло дайындайды.  

Стандарт  талаптарына  сай  емес  өте  пісіп  кеткен,  ұсақ  және 

жарылған  қарбыздарды  өте  құнды  қантты  концентратқа  айналдыруға 

болады.  Қарбыз  жемісінің  қабығынан  тосап,  цукат,  ал  қара 

қабықтылардан тағамдық бояу дайындайды. 

Қарбызды  өңдегенде,  оның  бөлініп  алынған  тұқымдарынан  май 

өндіруге  болады.  Қарбыз  майы  –  сұйық,  ашық,иісі  мен  дәмі  жақсы.  Ол 

құрамында  Д  дәрумені  болғандықтан,  рахитке  қарсы  емдік  қасиетімен 

айшықталады. Ыстық сығымдауда тұқымнан алынатын май шығымы 17-

20%. 


Сығымдаудан  кейін  қалатын  қалдық-күнжара  кондитер 

өнеркәсібіне  құнды  шикізат.  Одан  халуа  мен  басқа  тағамдар  жасайды. 

Тіпті  қарбыз  тұқымының  қабығын  өңдеу  арқылы  лак-бояу  өндірісіне 

қажет  өнім  –  фурфурол  алуға  болады.  Фурфурол  электротехникада  да 

пайдаланылады. 

Қарбыздың  кейбір  сорттарында  консерві  зауыттары  үшін  өте 

қажет  пектиндік  заттар  көп.  Пектиндік  заттардың  қантпен  қосып 

қайнатқанда  желе  тәрізді  масса  түзетін  қасиеті  болғандықтан,  жидек 

пюресі  мен  повидло  дайындағанда    оларды  қоюлату  үшін  қарбыз 

шырынын пайдаланады. 

Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс аясында 

қарбызды суармай-ақ өсіруге болады. 

Қарбыз  күздік  және  жаздық  астықтар  үшін  жақсы  алғы 

дақылдардың бірі. Олардан кейін танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз 

дақылы  ірі  жапырақтарымен  жерді  көлеңкелеп  топырақта  ылғал 

сақтайды. 

Қарбыз  –  мол  кіріс  әкелетін  дақыл,  әсіресе  суарылмайтын 

аймақтарда оны өсіріп өзіндік құны төмен жоғары өнім алынады. 

Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі- малазықтық қарбыз. 

Оның  құрамында  1,2  %  шикі  протеин,  0,1-  май,  7,2  –  АЭЗ,  2,3  – 

жасұнық, 0,2 – күл және 88,5 % су болады. 



 

441 


Малазықтық  қарбызды  сабан,  топан  (75%  қарбыздар,  25% 

топандар)  және  басқа  да  масақты  дақылдармен  аралыстырып  сүрлем 

дайындауға  болады.  Оның  сүрлемін  мал  сүйсініп  жейді  де  тез 

қоңданады,  өнімділігі  артады.  Малазықтық  қарбыздың  тұқым  шығымы 

2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет