438
тау етегі аудандары, Закавказье, Украинаның оңтүстігі, Молдавия,
Прибалтика аймақтары үшін болашағы зор.
Қант қызылшасы тұқымын көшірмей отырғызумен алу тәсілі
АҚШ, Венгрия, Болгария, Турцияда таралған.
Көшірмей қант қызылшасы тұқымын алудың табиғи жағдайлардан
басқа маңызды жайы – қант қызылшасы тамыржемісінің қысқа
төзімділігін арттыруға бағытталған кешенді агротехникалық тәсілдерді
қолдану болып саналады. Ксеморфты, ұсақ ағзалы құрылымды , жақсы
өткізгіш ұлпалы тамырлы қант қызылшасының қысқа төзімділігі өте
жоғары. Сондықтан көшірмей отырғызу тәсілімен қызылша тұқымын
алу агротехникасының негізгі аналық өсімдікті қатаң жағдайда баптау –
оларды жиі орналастыру, бірқалыпты ылғал мен қоректену, қыстайтын
тамыржемістердің көлемін кішірейту үшін кеш себу және т.б.
Аналық қызылшаның алғы дақылдары ерте жиналатын дақылдар –
асбұршақ, күздік рапс, күздік арпа, күздік қарабидай мен бидай болуы
мүмкін, егер оларды жинағаннан кейін жеткілікті жауын-шашын болса.
Аналық қызылшаны арпа, зығыр, қыша, рапс дақылдарымен
бүркемелеп себуге болады.
Тамырдың қысқа төзімділігін арттыру үшін азот мөлшерін негізгі
енгізуде кәдімгіге қарағанда екі есе азайтады, ал фосфор мөлшерін
шамамен 30 кг көбейтеді. Себу кезінде қатарға тек фосфор мен калий
тыңайтқыштарын енгізеді.
Тұқым себу алдындағы жырту қабатының тығыз құрылымын
сақтау үшін беткі қабатта (4-5 см) жасалынады. Сонан соң, дереу себу
ауыр таптауышты пайдаланумен бірге жүреді. Қатараралық ені 70 см
немесе 70х15 см. Көп тұқымды қызылшаны егістік жер гектарына себу
мөлшері 18-20 кг, біртұқымдыда – 12-15. Аналық қызылшаның қысқа
төзімділігі мен тұқым өнімі көп жағдайда себу мерзіміне байланысты
өзгереді.
Аналық қызылшаның жақсы қыстап шығуы үшін, топырақ
қабатына орналасқан оның үстіне тұрақты салқын түскенде 10-15 см, ал
солтүстік аудандарда 20-25 см дейін топырақ үйеді. Тамыржемістер өз
орындарында қыстап шыққаннан кейін күтіп-баптау тәсілдері өсімдіктің
дұрыс өсіп-жетілуіне бағытталуы керек. Ерте көктемде қызылша
тамыржемістерін топырақ үйіндісінен тырма, сүйреткілер мен егіс
қатарына көлденең немесе қиғаш жүріп аршып босатады. Минералдық
және органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көң садырасымен
тамырларды үстеп қоректендірудің маңызы зор. Өсіп – даму
кезеңдерінде кемінде екі рет үстеп қоректендіру керек.
Қант
қызылшасы
плантациясы
топырағын
бос
және
арамшөптерден таза ұстау үшін кемінде 2-3 рет қатараралықтарды
қопсытады.
Көшірмей қант қызылшасының тұқымын алу тәсілінің ерекшелігі-
тұқымның біркелкі пісуі мен тұқымдық бұталардың жатып қалуының
азаюында. Тұқымдықты өсімдік тұқымының 20-25% қоңырланғанда
439
егісті қосарланған пышақпен жабдықталған лафетті және аспалы
дестелегішпен орады. Дестедегі өнім кепкеннен кейін оны комбайнмен
бастырады.
Достарыңызбен бөлісу: