Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Тұқымды  себуге  дайындау  және  себу



Pdf көрінісі
бет449/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымды  себуге  дайындау  және  себу.

 

Егістік  материалы  ретінде 

қант  қызылшасының  өңірде  себуге  рұқсат  етілген  сорттары  мен 

будандары  пайдаланылады.  Олар  өздерінің  егістік  сапа  көрсеткіштері 

бойынша стандарт талаптарына сәйкес болу керек. 

Қант қызылшасы тұқымын егіске қант зауытында даярлайды, онда 

оларды  іріктейді  және  фракцияларға  –  3,5-4,5  мм  және  4,5-5,5  мм  – 

бөледі. 


Тұқымның  сусып  түсуін  жоғарылату  үшін  оны  жылтырлатады, 

яғни жеміс серігінен айырады. 

Тұқымды дражирлеу – сыртына арнайы дражирлегіш массасы бар 

қабықша  «жапсыру».  Тұқымды  дражирлеуге  көң,  минералды  және 

бактериалды 

тыңайтқыштар, 

микроэлементтер 

қоспалары 

пайдаланылады. 

Қант зауытында тұқымдық материалды ТМТД 80%  препаратымен 

мөлшері 4-6 л/т дәрілейді. 



 

434 


Қант  қызылшасының  себетін  тұқымының  өнгіштігі  мен  өну 

энергиясын  арттыру  үшін  оны  жылы  ауамен  өңдейді.  Жылумен  өңдеу 

қызылшаның  өнімі  мен  қанттылығын  және  тамыр  жегісі  ауруына 

төзімділігін де арттырады. 

Қант  қызылшасының  өнімділігіне  оңтайлы  себу  мерзімінің  үлкен 

әсері  бар.  Себуді  кешеуілдетуге  болмайды,  себебі  тұқымның  өнуі 

нашарлайды, әсіресе құрғақшылық жылдары. Одан басқа , кеш себуден 

өсіп-жетілу кезеңі қысқарып өнім төмендеп кетеді. 

Қант  қызылшасы  тұқымын  себуді  ерте  дәнді  дақылдарды 

сепкеннен 5-6 күннен кейін, топырақтың 10 см тереңдігінде температура 

5-6°C жылынғанда бастай беруге болады. 

Тұқым  себу  тереңдігі  ауа  райы  мен  топырақтың  механикалық 

құрамына  байланысты  өзгереді.  Көбінесе  тұқымды  3-4  см  тереңдікке 

сіңіреді.  Жеңіл  топырақ  пен  құрғақшылықты  жағдайда  себу  5-6  см-ге 

дейін тереңдетіледі. 

Себу  тәсілі  –  кең  қатарлы  (қатараралықтары  45  см).  Суармалы 

жерлерде  қатараралықтар  60-70  см.  Көптұқымды  қант  қызылшасы 

сорттарын себу мөлшері 1 гектарға – 30-32 кг, ал бірөскінді сорттарда -

10-12 кг. 

Қант  қызылшасын  арнайы  ССТ-12А,  ССТ-12Б  және  ССТ-8А 

сепкіштерінің бірімен себеді. 

Қант қызылшасы себілетін танап арамшөптермен қатты ластанған 

жағдайда  қатардағы  1  ұзындық  метрге  (п.м.)  –  35-38    дана  тұқым 

себіледі  немесе  10-12  кг/га  ал  арамшөптері  аз,  егіншілік  мәдениеті 

жоғары жерлерде 23-25 дана тұқым жеткілікті, ондай жағдайда қатардың 

1 ұзындық метрінде 12-14 өскін қамтамасыз етіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет