Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Ауыспалы  егістегі  орны  және  алғы  дақылдары



Pdf көрінісі
бет457/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ауыспалы  егістегі  орны  және  алғы  дақылдары

Қарбызды 

көпжылдық  шөптер  қыртысына  сепкенде  жақсы  өседі.  Ең  жақсы 

нәтижелер  көпжылдық  шөптердің  4  және  5  жылғы  қыртыстарына 

егілген жерлерден алынады. 

Бақша  дақылдарын  көкөніс  ауыспалы  егісінде  орналастыру  керек. 

Көкөніс  ауыспалы  егісінде  бақша  дақылдарына  жақсы  алғы  егіс  болып 

көпжылдық  шөптер  қыртысына  отырғызылған  картоп,  ал  бақша 

дақылдарын  қырыққабаттан  кейін  отырғызса  өніміділігі  төмендейді. 

Күздік  бидайдан  кейін    өсірілген  бақша  дақылдары  жақсы  көрсеткіш 

көрсетеді. 

Бақша  дақылдарына  алғы  егіс  таңдауда  өсірілетін  жердің  топырақ-

климат  жағдайын,  шаруашылықтың  мамандануын  және  аурулардың 

пайда болу мүмкіндігін ескеру қажет. 

Бақша  дақылдары  басқа  ауылшаруашылық дақылдарға  жақсы  алғы 

егіс  болады,  себебі  олар  өзінен  кейін  танапты  арамшөптерден  таза 

күйінде  қалдырады,  топырақта  ылғал  және  нитрат  қоры  жеткілікті 

мөлшерде жиналады. 

Бақша  дақылдарын  бір  орында  бірнеше  жыл  өсіруге  болмайды. 

Ондай  жағдайда  өнімділік  және  тауар  сапасы  төмендейді,  аурулары 

көбейеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет