Себу мерзімі және тұқым сіңіру тереңдігі.
Дұрыс тағдалған себу
мерзімі тұқымның егістік өнгіштігін жоғарлатады.
Қарбыздың қолайлы себу мерзімі – топырақтың 6-10 см қабаты 12-
15
0
С жылынған кезде себеді.
Тұқымды сіңіру тереңдігі де себу мерзімімен тікелей байланысты.
Ауыр механикалық топырақты жерлерде егер қарбыз ерте отырғызылса,
онда 2-6 см тереңдікке себеді, ал құмды және құмдауыт жерлере тұқым
сіңіру тереңдігін 6-10 см жеткізеді.
Себу мөлшері
.
Қарбыздан қалыпты және жаппай өркен алу үшін
әрбір шұңқырға 5-6 тұқымы біркелкі қашықтықта орналастырады. Себу
мөлшері қоректік алаңшаға, себу тәсіліне және тұқым көлеміне
байланысты болады. Сондықтан қарбыздың ұсақ тұқымды сорттарын
гектарға 3,0-4,5 кг, ірі тұқымды – 4,0-5,5 кг/га себеді.
Себу схемасы (пайыз). Қоректену көлемін дақылдың және сорттың
биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ-климат жағдайына және егіс
бағытына қарап таңдайды. Ылғалы төмен және кедей топырақты
жерлерде үлкен қоректік алаңша қажет.
Ерте және орташа мерзімде пісетін сорттарды 1,4х0,7 м схемамен
әрбір шұңқырға 1 өсімдік орналастырады, орташа мерзімде пісетіндер –
1,4х1,4 әр шұңқырда 1-2 өсімдік, орташадан кеш пісетіндер – 2,1х0,7
және 2,1х1,4 шұңқырда 1 және 2 өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: |