447
Жапырағы – бүйрек, жүрек тәрізді, бүтін немесе 5-қалақты, ақ
түктермен көмкерілген. Гүлдері – ірі (көлденеңінен 1,5-нан 4см дейін),
сары түсті.
Барлық бақша дақылдары сияқты, қауын да бірүйлі, бірақ
даражынысты. Аталық және аналық гүлдері бір өсімдікте орналасады.
Аналық гүлдер жеке орналасса, аталық гүлдер кішкене гүл шоғырға
жинақталған. Жемісі жалған жидек, пішіндері шар тәрізді, созылыңқы
және жаншыңқы. Түстері әртүрлі, жұмсағы ақ, сары және жасыл.
Бақша дақылдары төмен температураға өте сезімтал. Ауаның
температурасы 13°C дейін төмендегенде өсімдіктердің өсіп-жетілуі
баяулайды, ал 10°C–тан төмен температурада тіпті тоқтап қалады.
Олардың өсіп-жетілуіне оңтайлы температура – 25-30°C.
Ауаның температурасы 25-30°C болғанда қауын мен асқабақ көгі
4-8 күнде, ал қарбіздікі 6-10 күнде пайда болады.
Қауын ауа райына бейімделгіш болғандықтан, төмен және жоғары
температураларды жеңіл көтереді.
Қауынның қарбызға қарағанда ылғалды көп қажет ететін себебі,
оның тамыр жүйесінің жетілуі нашар және тамыр түктері жасушасының
ылғалды сору күші төмен. Қауынның қант жинауының қарбызға
қарағанда көп болуы, оның транспирация қарқынының күштілігіне
байланысты. Қауынға жарық және жылу жеткілікті, механикалық
құрамы жеңіл, қоректік заттары мол топырақ қажет. Жеңіл және жақсы
жылынатын топырақтарда оның жемістері ерте піседі. Қауынға
топырақтың құнарлы болғаны жөн. Ол қара немесе қара қоңыр
құмдауыт топырақтарда жақсы өседі.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары: Гуляби кара местная,
Кокча 588, Колхозница 749/753, Илийская, Ичкзыл 1895, Ичкзыл
крупноплодная, Калай-сан местная, Олтын тепе, Алтыночка, Алена,
Таисия және Майская.
Достарыңызбен бөлісу: