Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет464/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

АСҚАБАҚ 

 

Халықшаруашылығындағы  маңызы. 

Асқабақ  құрамында  көп 

мөлшерде  қоректік  заттар  болады:  13%  қант,  16%  крахмал,  25%  аса 

ақуыз және 50% май ( тұқымында). Оны тағамға кеңінен пайдаланады. 

Асқабақта  каротин  көп  болғандықтан,  медицина  саласындағы 

дәрумен  өндірісінің  жақсы  шикізаты.  Асқабақтың  емдік  қасиеті  де 

жоғары,  жұмсағы  –  асқазан  жарасы,  бауыр,  бүйрек,  қуықжолдары  мен 

атеросклероз  ауруларына  емдік  тағам,  сондай  ақ  тұқымынан  да  дәрі 

жасайды. 



 

449 


Асқабақтың  тұқымы  майлылығы  мен  (тұқым  массасының  ¼-нен 

1/3  –не  дейін)  ерекшеленеді.  Асқабақ  жемісін  өңдеуден  кейінгі  қалдық- 

күнжарадағы майдың мөлшері күнбағыс қалдығындағыдан 2 есе көп. 

Малазықтық  асқабақтың  мал  өнімдерін  арттырудағы  маңызы  зор. 

Ондағы қоректік заттар: протеин 0,8%, май  – 0,4, АЭЗ – 7,9, жасұнық – 

1,0, күлдер – 0,7 және су 89,2%. Асқабақта А және С дәрумендері де мол. 

Асқабақтағы  ақуыздық  заттардың  мөлшері  малазықтық  қызылшадан  4 

есе  көп.  Оның  жемістері  жақсы  мал  азығы,  сауын  сиырдың  сүттілігін 

арттыратын ерекшелігі бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет