450
бірге сіңіреді. Органо-минералды тыңайтқыштарды бірге шұңқырға
таутау тиімді.
Асқабақтың суыққа төзімділігін арттыру үшін Воронованың
әдісімен тұқымды ұзақ мерзімде ауыспалы температурады (ыстық, суық)
ұстау ұсынылады.
Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды, себебі ол салқынға
төзімді дақылдар қатарына жатады. Сондықтан асқабақты Қазақстанның
оңтүстік-шығысында сәуірдің үшінші онкүндігінде, оңтүстікте- сәуірдің
екінші онкүндігінде себе бстайды, республиканың солтүстігінде –
мамыр айының екінші жартысында себеді.
Қауын тұқымының өсуін тездету және егістік өнгіштігін
жоғарылату үшін, әртүрлі температурамен әсер ету, ыстық суға салу
және кептіру, калий ертіндісінде тұқымды сулау жатады.
Тұқым сіңірудің орташа тереңдігі- 6-8 см, ауыр топырақты
жерлерде – 4-6 см, ал жеңіл құмды және құмдауыт жерлерде -8-10 см
себеді.
Гектарына 4-7 кг тұқым себіледі. Әрбір шұңқырға 2-3 тұқым
себіледі.
Асқабақты 2,1х0,7-1,4 см және 2,8х0,7-1,4 см схемамен себеді. Ұяда
тек қана бір өсімдік қалдырылады, қалғанын жұлып тастайды.
Оңтүстік аймақтарда асқабақ егісіне жүгері немесе күнбағыстан
ықтырма жасалады, ара қашықтықтары 20 м.
Асқабақ өсімдігі орамдарын ылғалды топырақпен жабу өнімділігін
арттырады, ондай жағдайда жапырақтардың бауырынан қосымша
тамырлар түзіледі және олар дақылдың қоректенуін жақсартады.
Оңтүстік өңірде асқабақты 6 ретке дейін суарады, суды жүйекпен
береді. Дақыл екі рет үстеп қоректендіріледі, біріншісі – 5-6 нағыз
жапырақтар пайда болғанда, екіншісі – жаппай гүлдеу алдында.
Асқабақ жемісін толық піскенде жинайды. Сақтау үшін жемістің
бірден қоймаға салмайды, алдын-ала бірнеше тәулік күн шуағына
кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: