Ботаникалық сипаттамасы
.
Мақта көп жылдық, биіктігі – 100-
150 см жететін жартылай бұталы өсімдік. Ауа райы қоңыржай елдерде
бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі (Сурет 47).
Тамыр жүйесі жақсы дамыған, 2,5-3 м тереңдікке бойлайтын, жан-
жағына 1,5-2 м шашыраған діңгекті болады. Сабағының төменгі
жағында түгі болады, ағаш сияқты бұтақтанады. Бұтақтарының екі түрі
болады: бұтақтың басы өсу бүршігі және жапырағымен аяқталатын өсу
бұтағы (моноподиалды) және бұтақ басында, ұзын бойында гүлдер,
қауашақтар орналасқан жемісті бұтақ (симподиалды). Жемісті бұтақтар
вегетация кезеңі аяқталғанға дейін пайда бола береді.
Алғашқы гүл бүрі пайда болғаннан соң өсуін тоқтатса, оны «шекті»
өнім бұтағы, ал гүл бүрі бұтақтың ұзаруына қарай одан әрі көбейе берсе
оны «шексіз» өнім бұтағы деп атайды.
Тозаңданған мақта гүлінен қауашақтың (жемісінің) дамуы
басталады. Мақта қауашағы жұмыртқа тәріздес, ұшы үшкірленген, беті
кейде тегіс, кейде ойлы болып келеді. Қауашақтың әр ұясында 5-10
тұқымы болады. 1000 тұқымның массасы – 90-150 г.
Мексикалық мақта тұқымы қысқа түктермен және ұзынша келген
талшықтармен қапталады.
Жалаңаш тұқымды мақта түрлерінде қысқа түктер болмайды.
Кептірілген бір қауашақтың массасы сортына және өскен орта
жағдайына байланысты 2-10 г аралығында болады.
453
Cурет 47. Жіңішке талшықты мақта (Перу мақтасы). 1-жеміс бұтағы; 2, 3-
піспеген және піскен қауашақ; 4-қауашақ жармалары; 5-ұшпа; 6-тұқым; 7-жас
өсімдік кескіні; 8-гүлдену жүйесі (арап цифрларымен бұтақтар, рим цифрларымен
гүлдену конустары белгіленген); 9-тұқымның құрылысы: а-тұқым жарнағы
қыртыстары, б-тамырша, в-түкті тұқым қабығы.
Достарыңызбен бөлісу: |