Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет476/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   490
Байланысты:
index (15)

Мақтаның өсіру технологиясы

А у ы с п а л ы   е г і с т е г і   о р н 

ы.

 

Мақта  үшін  ауыспалы  егістегі  ең  қолайлы  дақыл  –  жоңышқа.  Мақта 

топырақтағы  қоректік  заттар  құрамына,  суға  және  басқа  қажетті 

факторларға  жоғары талап қояды. 

 Мақтаны  жылма-жыл  бір  жерге  қайталап  сепсе,  топырақтан 

қоректік    заттардың  көп  алынуына  байланысты  оның  құнарлылығы 

төмендеп,  жырту  қабаты  шаңданып,  зиянды  тұздар  қосындылары 

көбейіп және жер асты суларының көтерілуіне әкеліп соқтырады. 

Жоңышқа  топырақтың  тұздануын  бірнеше  есе  төмендетеді. 

Топырақ бетін біркелкі жабатын жоңышқа, топырақтан судың булануын 

азайтып,  төменгі  тұз  қосындыларының  жоғары  көтерілуін  тоқтатады. 

Үш  жыл  қатарынан  өсірілген  жоңышқа  әр  гектарға  18  т  органикалық 

заттар  қалдырады,  топырақтың  физикалық  қасиеттерін  жақсартып, 

ондағы микроорганизмдерді жандандырып, суаруға кететін су мөлшерін 

кемітеді. 

Жоңышқаның  тағы  бір  ерекшелігі  –  ол  мақта  танабында  жиі 

кездесетін  солдырма  ауруын  3-4  есе  азайтады.  Мақта  мен  жоңышқа 

жоспарлы  түрде  ауыстырылып  себілсе  солдырма  ауруы  мүлде 

жойылады. 

Мақта  үшін  жоңышқадан  басқа  қонақ  жүгері,  жүгері  және  бұршақ 

дақылдары  –  маш,  ас  бұршақ,  майбұршақ,  түйе  жоңышқа  алғы  дақыл 

бола алады. 

Мақта  –  жоңышқа  ауыспалы  егістіктерінде,  көктемде  көк  балауса 

ретінде  жиналатын  немесе  жасыл  тыңайтқышқа  жыртылатын  (рапс, 

қыша,  арпамен  қосыла  себілген  ас  бұршақ  және  басқалары)  күздік 

дақылдарды  пайдаланған  жағдайда,  суармалы  мақта  егісі  өте  тиімді. 

Мақта  өсіретін  шаруашылықтардағы  ауыспалы  егісте  мақтаның  үлесі 

65-80% шамасында болады. 

Орта  Азияның  көптеген  шаруашылықтарындағы  ауыспалы  егістегі 

жоңышқа мен мақтаның ара қатынасы 3:6 және 3:7 болады, жоңышқаны 

бірінші  жылы  жүгерімен  немесе  судан  шөбімен,  сол  сияқты  астыққа 



 

458 


арналған арпамен қоса себеді, ал екінші және үшінші жылдары бүркеме 

дақыл себілмейді. Осындай ауыспалы егістіктерде төртінші жылы мақта 

өсірсе  жасыл  тыңайтқыштар  (сидераттар)  немесе  көптеген  аймақтарда 

органикалық тыңайтқыштар енгізіледі. 

Жаңа  игеріліп  жыртылған  және  суару  жүйесі  қолайсыз  жерлерде 

ауыспалы егіс кескіні 1:3:6 ара қатынасында болғаны жөн. Бұл жағдайда 

бір танапта мелиорациялық жұмыстар жүргізіледі, 3 танапқа жоңышқа, 6 

танапқа мақта себіледі. 

Т о п ы р а қ   ө ң д е у. Мақтаға арналған танап топырағын өңдеу 

жүйесі  оның  ауыспалы  егістегі  орнына,  алғы  дақылына,  топырақ  және 

басқа  жағдайларына  байланысты.  Мақта  себуге  арналған  танапты 

сапалы  дайындау  –  одан  жоғары  өнім  алудың  және  жерді  дұрыс 

пайдаланудың басты шарты. 

Топырақ өңдеудің басты бөлігі – ерте әрі терең жыртылған сүдігер. 

Оның алдында танаптан мүмкіндігінше  бұрынғы мақта қалдығы жұлып 

жойылады,  қажетті  мөлшерде  тыңайтқыш  сіңіріп  жырту  алдында 

суарылады,  топырақтағы  көп  жылдық  арамшөп,  жоңышқа  тамырлары 

қалдықтарын  сыдыра  жыртып  жою  және  тағы  басқа  жұмыстар 

жүргізіледі. 

Мақта  себілетін  жер  көбінесе  П-5-35  м,  ПН-4-35  соқаларымен 

аудара  жыртылатын  болса,  қазір  танапты  екі  ярусты  жырту  кеңінен 

таралып отыр. 

Екі ярусты жырту кезінде аударылған қабаттарға тыңайтқыштарды 

бөлектеп  сіңіру  қамтамасыз  етіледі.  Тыңайтқыштарды  0-15  және  15-30 

см тереңдікке ПЯ-3-35 соқасымен, 0-20 және 20-40 см тереңдікке ПД-4-

35  соқасымен  сіңіреді.  Жыртудың  бұл  әдісі  —  Орта  Азияда  кеңінен 

тараған, негізгі топырақ өңдеу әдісіне айналды. 

Топырақтың    төменгі    қабатын      (40-50    см)  қопсыту  

тереңдеткіштер  қолданылып  жүргізіледі  және  керегінше  қайталанып 

отырылады. 

Мақта егісінен кейін қайта мақта себуге арналған танаптың өңделіп 

жыртылуы  қараша  айының  екінші  жартысында,  желтоқсан  айының 

басында аяқталады. 

Ауыспалы  егісте  мақта  дәнді  дақылдан  кейін  себілетін  болса,  онда 

оларды  маусым-шілде  айларында  жинап  алып,  5-8  см-ге  сыдыра 

жыртады  да,  топырақ  ылғалдылығын  молайтып  арамшөптерді  өсіру 

мақсатында жақсылап суарады. Сыдыра жыртылған, суарылған егістікте 

арамшөптердің  өсіп  шығуына  орай  танап  топырағының  жоғарғы 

қабатын  тамыз-қыркүйек  айларында  аудара  жыртады.  Жыртылған  жер 

тегістелмейді.  Бірақ  жауын-шашыны  аз,  қыста  қатты  жел  көп  тұратын 

жерде ғана сүдігерді тырмалау керек. 

Жоңышқа  өскен  танапты  мақтаға  арнап  екі  ярусты  соқамен  40  см 

терең  жыртады.  Келесі  жылы  жыртуды  8-10  см  таяздатып,  топырақтың 

құнарлы  қабатына  дейін  келтіреді.  Топырақ  құрғап  кеткен  жағдайда 

танапты жырту алдында суарады. 



 

459 


Мақта  кеш  себілетін  дақыл  болғандықтан  тұқым  себер  алдында 

топырақтың  сапасына  баса  назар  аудару  керек.  Танап  топырағы  тұқым 

себілгенше  борпылдақ,  ылғалды,  арамшөппен  ластанбаған,  біркелкі 

тегістелген болуы тиіс. 

Тұзды топырақты танапты шайып жуғаннан кейін терең қопсытады 

немесе  аудармай  жыртып,  тырмалап,  тегістейді.  Көктемде  жыртылған 

жерге  екі  ізді  тырмалау  жүргізіледі,  ал  суаруға  мүмкіндік  бар  жерде 

топырақты  10-12  см  аудармай  қуыстап  қопсытса  да  жеткілікті.  Қыста 

суарылмаған  жерді  қопсытады  немесе  10-12  см  тереңдікке  сыдыра 

жыртады. Танапты өңдеу — топырақты ұнтақтап тегістеумен аяқталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет