461
бастап, гүлдегенше 2-3 рет, гүлдену кезеңінде 3-4 рет, ал пісе бастағанда
1-3 рет жүргізеді. Мақта вегетациясы кезеңінде 3-тен 12 ретке дейін
суарылады, жалпы әр гектарға берілетін су мөлшері топырақ
құрылысына, ылғалдылығына, жер асты суларының орналасу
тереңдігіне байланысты.
Кесте 37. Жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшері
орташа күңгірт боз топырақта орналасқан мақталы-жоңышқа ауыспалы
егісін тыңайту жұйесі (Р.Е.Елешев ж.б., 1997).
Дақылдар
Минералдық тыңайтқыш-тың
жылдық мөлшері, кг/га
Көң, т/га
N
Р
2
О
5
К
2
О
1
2
3
4
5
Астық бүркемесіне
себілген жоңышқа
90
120
120
-
Екінші жылдық жоңышқа
-
-
-
-
Үшінші жылдық жоңышқа
-
-
-
-
Мақта
100
120
120
-
Мақта
120
90
90
-
Мақта
140
80
60
-
Maқтa
120
60
- 20-30
Мақта
130
70
60
-
Мақта
150
60
60
-
Топырақ асты және жаңбырлата суару тиімді әдістер қатарына
жатады. Топырақ асты суару топырақтың физикалық қасиеттерін барлық
вегетация кезеңінде жақсы сақтап, егістікті күтіп-баптау жұмысын
азайтады. Бұлайша суарғанда шитті мақтаның әр гектардан алынатын
өнімі 5-10 ц артып, су 40-50% аз жұмсалады, еңбек шығыны күрт
азаяды.
Себу.
Тұқымды себуге дайындау
олардың жоғары сапалыларын
таңдап алып, тазалығы 97-98%, өнгіштігі 87-88%-дан кем болмауын
қамтамасыз етуден басталады. Мұндай жоғары сапалы тұқым мақтаның
алғашқы жиналған егістіктерінен ғана алынады. Себуге арналған тұқым,
шитті мақта тазарту зауытында механикалық жолмен талшықтардан
(джинирлеу), жартылай тұқым түгінен (линтерлеу) және ірілігі бойынша
сұрыптауда (калибровка) толықтай тұқым түгінен (делинтирлеу)
тазартылады.
Бірақ тұқымды түгінен жартылай және толық тазарту кезінде
тұқымның жарақаттануы мүмкін. Сондықтан тұқымды түгінен
тазартудың жақсы жолы – делинтирлеу әдісі. Бұл әдісте тұқым
қышқылдармен, химиялық жолмен, немесе агрохимиялық күрделі
газдардан тұратын қосындылармен өңделеді. Нәтижесінде тұқым
462
зақымдалмай, егістік сапасы жақсарып, ауруға төзімді келеді.
Делинтерлеуден өткен тұқымды КСМ-1,5 машинасынан өткізіп, ірілігіне
қарай сұрыптайды.
Тамыр шірігі, гоммозға қарсы әр тонна тұқымды 10-12 кг
мөлшерінде 65% фентиураммен өңдейді де, себу алдында 24-36 сағат
бойы әр 1 ц тұқымға 60 л су құйып, дымқылдандырады. Ол тұқымның
тез өніп, көктеп шығуын қамтамасыз етеді.
С е б у м е р з і м і.
Оңтүстік Қазақстан облысының ғалымдарының
кепілдемелеріне сәйкес мақтаны себуді ауаның орташа тәуліктік
температурасы 12-13
0
С жеткенде бастаған дұрыс, оның үстіне көктемгі
ауа-райы жағдайларын, топырақтағы ылғал қорын ескеру қажет.
Облыстың оңтүстік аудандарында сортаң топырақтарында 18-сәуір, ал
тұзданбаған топырақтарда – 20-сәуірден бастап себе беруге болады.
Облыстың солтүстігінде – Арыс-Түркістан каналы аймағында және
Шардара ауданында мақта тұқымын топырақ 12-14
0
С қазғанда немесе
сәуірдің үшінші онкүндігінде жүргізіледі. Одан ерте себілсе мақтаның
көктеуі мен пісуі ұзарады, кеш себілсе қауашақтың ашылуы мен пісуі
баяу жүріп, күзгі аязға дейін мақтаның жиналмауы да мүмкін. Алғашқы
тұқым себуді жеңіл топырақты оңтүстік беткейлерде жақсы қызатын
топырақта қысқа мерзімде аяқтайды.
С е б у тәсілдері.
Мақтаны негізінде қатараралығы 60-90 см, кең
қатарлы әдіспен, қатардағы өсімдік арасын 10-30 см етіп себеді.
Пунктирлі әдіспен сепкенде бір ұяға 1-2 тұқымнан әр 10 см-ге себіледі.
Осылай сепкенде танаптағы өсімдіктер тығыздығы біркелкі болып,
гектарына 100-150 мың өсімдік орналастырылады. Жиі ұялап сепкенде
әр ұяға 2-3 тұқымнан, 60×25 сызбасымен жалаңаш тұқымды мақтаны
СТХ-4А, түгінен тазармағандарын СТХ-4Б сепкіштерімен себеді. Себу
тәсілі мақта егістігінің жиілігіне, топырақ, ауа райы және басқа
жағдайларды ескере
отырып қолданылады. Соңғы кезде мақтаны
топырақ жалдарына отырғызу жақсы нәтиже беруде.
С е б у м ө л ш е р і және с і ң і р у т е р е ң д і г і.
Себу кескініне
қарай әр гектарға 35-70 кг тұқым себіледі. Сортаң топырақты, солдырма
ауруы бар жерге себілетін тұқым мөлшері 10-15% арттырылады.
Тұқымды шалғынды-батпақты топырақты жерде 1-4 см, ал сұр
топырақты жерде 4-5 см тереңдікке сіңірген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: