Көшеттің танапта жерсінуі
10-15 күнге созылады, тамыры 20-25 см
тереңдікке бойлайды.
Өсімдіктердің қалыптасуы.
40-50 күн ішінде темекі өсімдіктері
қарқынды өсіп, жаңа жапырақтар пайда бола бастайды. Синтезделген
қоректік заттар өсімдіктің жер беті мүшелерінің өсуіне жұмсалады.
Гүлдену
орталық шанақ пайда болғаннан 8-10 күннен кейін басталады,
әр 1-3 күнде жаңа гүлдер пайда болады. Бір өсімдік 25-35 күн гүлдейді.
Тұқымның түзілуі және пісуі.
Көп
тұқымды жеке қауашақ 18-22 күн
түзіледі. Жоғары сапалы тұқым түзілуі үшін 25-28
0
С
температура қажет.
Жапырақтардың түзілуі және пісуі.
Кезекті жапырақтар әрбір 1-2
күнде пайда болады және 20-25 күн ішінде өз көлемінің өсу шегіне жетеді.
Жапырақ өзінің тіршілік қабылетін 25-30 күн сақтайды да сола бастайды.
Жапырақтардың тіршілік қабылеті тоқтағаннан кейін оларда пластикалық
заттардың синтезінен гөрі жиналған қоректік заттар қорының жоғарғы
қабаттардағы жапырақтарға ағуы басым болады, оның салдарынан
жапырақтардағы құрғақ зат мөлшері азаяды. Сондықтан, жапырақ
жинауды синтез бен ағу үрдістері тепе-тең болған кезде жүргізу керек. Бұл
кезеңді жапырақтың техникалық пісу кезеңі деп атайды.
Сорттары.
Өндірісте темекінің 9 сортотипке жататын 40-тан астам
сорттары пайдаланылады. Кең тарағандары: Дюбек, Американ, Самсун,
Трапезонд, Остролист (Ұшқыржапырақ), Соболчтік, Вирджиния, Берлей
және Сигарлық ж.б. Алғашқы сегізі папирос пен сигарет өндіруге
пайдаланылады олар өсіру жағдайына және кептіру әдісіне қарай қ а ң қ а л
ы қ және х о ш и і с т і болып екі топқа бөлінеді.
Қаңқалық шикізат темекі өнімдері өндірісінде негізгі материал
ретінде пайдаланылады. Түтінінің иісі бейтарап және темекінің дәмі мен
күшіне әсер етеді.
Хош иісті шикізат қаңқалық шикізатқа қосылып оның өзіне тән дәмін,
иісін қалыптастырады.
Дюбек, Американ, және Самсун сортотиптерінен хош иісті шикізат,
Трапезонд,
Остролист,
Соболчский,
Вирджиня
және
Берлей
сортотиптерінен қаңқалық шикізат өндіріледі.
468
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген темекі сорттары: Дюбек 44-07,
Дюбек 13, Талгарский 25 және Талгарский 28.
Достарыңызбен бөлісу: |