Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Темекіні  танапта  өсіру  технологиясы



Pdf көрінісі
бет488/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   490
Байланысты:
index (15)

Темекіні  танапта  өсіру  технологиясы.

    А  у ы с  п а л  ы   е г  і с  т  е   

темекі  үшін  ең  жақсы  алғы  дақылдар  –  көпжылдық  шөптер,  күздік  және 

жаздық  дәнді,  отамалы  дақылдар  мен  судан  шөбі.  Құнарлығы  нашар 

топырақтарда  темекіні  дәнді  бұршақтардан  кейін  және  оның  аудармасына 

отырғызады.  Ортақ  аурулары  мен  зиянкестері  болуына  байланысты 

темекіні  күнбағыс,  кенепшөп  және  бақшалық  дақылдардан  кейін 

орналастыруға болмайды.  

Темекінің үлесі жоғары ауыспалы егістіктерде, бірнеше жыл қайтара 

отырғызғаннан кейін, сол танапқа 3-4 жыл басқа дақылдар өсірген дұрыс. 

Т  е  м  е  к  і      д  а  қ  ы  л  ы  н    т  ы  ң  а  й  т  у.  Темекі  дақылының 

өнеркәсіптік  кұнды  бөлігі  –  оның  жапырағы.  Темекі  өнімі  топырақ 

түріне,  ауа-райына  және  қолданылған  тыңайтқышқа  байланысты. 

Темекіде  ақуыз  заттары  көп  болса,  оның  сапасы  кемиді,  хлордың 

мөлшері  0,4%-дан  аспауы  керек.  Сондықтан  темекіге  құрамында  хлор 

бар  калий  тұздарын  беру  оның сапасына  кері  әсерін тигізеді.  Темекінің 

жапырақ  өнімі  гектарына  орта  есеппен  2,0  тоннадан  айналатын  болса, 




 

470 


онда  ол,  топырақтан  120  кг  азот,  32  кг  фосфор  және  90  кг  калий 

пайдаланады.  Азот  темекі  жапырағының  мол  түзілуіне,  фосфор  оның 

тезірек  гүлдеуіне,  тамыр  жүйесінің  жақсы  дамуына,  калий  өнім 

сапасының жоғары болуына әсер етеді.                                                   

Алматы  облысының  Шелек  ауданының  құрамында  азот  өте  аз, 

жылжымалы  фосформен  орташа  камтамасыз  етілген,  ал  алмаспалы 

калий 

мөлшері 


өте 

жоғары 


боз 

топырағында 

орналасқан 

шаруашылықтары  гектарына  N

140-160

,  Р


70-100

,  К


30-40 

бергенде  1,5-1,8  т 

кұрғак жапырақ жинайды. 

Республиканың 

ғылыми-зерттеу 

мекемелері 

мен 

озат 


шаруашылықтарының  тәжірибелері  топырақ  пен  алғы  дакыл 

ерекшеліктерін ескере отырып темекі егісінің гектарына 60-120 кг азот, 

60-90  кг  фосфор,  30-60  кг  калий  қолданғанда  жоғары  сапалы  мол  өнім 

алуға  болатынын  көрсетті.  Гектарына  20-30  тонна  көң  енгізу  де  жақсы 

нәтиже  береді.  Мұнда  көң  мен  фосфор,  калий  тыңайтқыштарының 

жылдық мөлшерін толығынан сүдігер жыртар алдында, азоттың жылдық 

мөлшерінің  30-50%-ын  күзде  немесе  механикалық  кұрамы  жеңіл 

топырақтарда  көшет  отырғызу  алдында  культивациялауда,  калған 

мөлшерін үстеме қорек ретінде беру керек. 

Темекі  егісіне  аммоний  сульфаты,  аммоний  селитрасы,  қос 

суперфосфат,  аммофос,  калий  сульфаты,  калиймагнезия  сыяқты 

минералдық тыңайтқыштарды колданған дұрыс. 

Шаруашылықта  темекі  көшетін  өсіру  үшін  құрамында

 

50%  қара 

шірінді  бар  топырақты  пайдаланады.  Осы  топырақпен  көшетжайды 

(парник)  толтырады  оның  әрбір  шаршы  метріне  10-12  г  аммоний 

сульфатын  немесе  7-8  г  аммоний  селитрасын,  12  г  суперфосфат,  2-3  г 

калий  сульфатын  береді.  Тыңайтқыштарды  көшетжай  бетіне  біркелкі 

етіп  шашады  да  тырмалайды.  Темекі  көшетін  3-4  рет  минералдык 

тыңайтқыштармен  үстеп  қоректендіреді.  Үстеп  қоректендіру  үшін 

көшетжайдың  әрбір  шаршы  метріне  2  грамнан  азот,  фосфор,  калий 

пайдаланады.  Осы  мөлшерді  суда  ерітеді  де  көшетке  бүркеді,  соңынан 

таза  сумен  суарады.  Көшетті  үстеп  қоректендіру  үшін  құс 

саңғырығының  судағы  ерітіндісін  пайдалануға  болады.  Ол  үшін  бір 

шелек құс саңғырығын 8-10 л суда ерітеді. 

Темекі топырағын өңдеуде

  дер кезінде 25-30 см тереңдікке жыртылған 

сүдігер  жақсы  нәтиже  береді.  Үш  рет  шапқаннан  кейін  көп  жылдық 

шөптер  қыртысы  10-12  см  тереңдікке  сыдыра  жыртылады,  10-15  күннен 

кейін 25-30 см тереңдікке түренді соқамен аудара жыртылады. 

Астық  дақылдарынан  кейін  жер  сыдыра  жыртқыштармен  өңделеді, 

арамшөп  өскіндері  жер  бетіне  көктеп  шыққаннан  кейін  танап  14-16  см 

тереңдікке  жыртылады,  жер  тығыздалмас  үшін  және  арамшөптермен 

күресу мақсатында 2-3 копсыту жүргізіледі, үсік түсер алдында алқап 25-

30 см тереңдікке жыртылады. 

Көшет  отырғызудың  алдында  жерді  тырмалайды,  2-3  рет 

копсытылады,  ал  күздегі  негізгі  өңдеу  шаралары  толық  жүргізілмеген 




 

471 


жағдайда сүдігер  қайта жыртылады. Көшет  танапқа ерте  отырғызылғанда 

1-2 копсыту жеткілікті. Соңғы қопсыту көшет отырғызуға 5-6 күн қалғанда 

жүргізіледі. 

Осындай  топырақ  өңдеу  жүйесін  қолдану  танапты  арамшөптерден 

таза, топырақты қопсытылған күйде ұстауға мүмкіншілік береді 

Жер 


өңдеу 

шаралары 

толық 

орындалмаған 



жағдайда, 

арамшөптермен 

күресу 

үшін 


төмендегі 

гербицидтердің 

бірі 

қолданылады:  бір  жылдық  астық  тұқымдас  және  қос  жарнақты 



арамшөптерге  қарсы  көшет  отырғызардан  12-14  күн  бұрын  топыраққа 

дереу  сіңіріп  трефлан,  24%  э.к.  (4-8  л/га),  стомп,  33%  э.к.  (3-6  кг/га). 

Вегетация  кезінде,  темекінің  биіктігі  25-35  см-ге  жеткенде  сұңғұлаға 

қарсы  1%  с.к.,  оробан  (0,5  л/га)  препаратын  қолданған  дұрыс,  бұл 

өңдеуді вегетация кезеңінде 4 ретке дейін қайталаған тиімді. 

Топырақ өңдеу шаралары аяқталған соң танап ені 40 м жолақтарға 

бөлінеді,  олардың  арасында  көшет,  қажетті  заттарды  әкелу  және  өнім 

жинау үшін ені 3 м жол қалдырылады. 



Көшет    отырғызу

.  Қазақстанда  темекі  өсірілетін  аймақтарда  ауа 

райының  өзгеруіне  байланысты  темекі  көшеттері  сәуір  айының  үшінші 

онкүндігінде,  қатараралығы  70  см,  қатардағы  өсімдік  арасы  18  см  етіп 

отырғызылады (А.К.Апушев, 2009). Осы жүйемен отырғызылған темекі 

танабында  гектарына  тығыздығы  75-80  мың,  қолайлы  жағдайда  өсетін 

өсімдік қалыптасады. 

Баптау  шаралары.

  Вегетация  кезеңінде  3-4  қопсыту  жүргізіледі. 

Бірінші 

қатараралықты 

қопсыту 

6-8 


см 

терңдікке 

көшет 

отырғызылғаннан 8-10 күннен кейін жүргізіледі, кейінгілері әрбір 10-12 



күнде  8-12  см,  ең  соңғысы  5-6  см  тереңдікке.  Қопсыту  кезінде, 

тыңайтқыштар қолдану жүйесіне сәйкес үстеме қорек беріледі. 

Қазақстанда темекі суармалы жағдайда өсіріледі, вегетация кезінде 

500-800  м

3

/га  мөлшерінде,  2-6  рет  суарылады,  ресурсүнемдеуші 



технология  бойынша  өндіріске  дискреттік  суару  жүйесі  ұсынылған 

(Т.А.Атақұлов, А.Қ.Апушев, 2008). 

Баптау 

шараларының 

маңызды 

элементтері 

тазалау, 

өгейбұтақсыздандару  мен  шырпу.  Тазалау  кезінде  өсімдіктің  төмен 

жағында  орналасқан  көшеттік  жапырақтар  сындырып  алынып 

тасталады.  Бұл  шара  темекі  өсімдігінің  төменгі  қабатындағы 

жапырақтардың тез жетілуіне және ауруларға шалдықпауына әсер етеді.  

Өгейбұтақсыздандару – жапырақ қолтығында пайда болған, сапалы 

жапырақ түзбейтін бұтақтарды сындырып алып тастау. Өгей бұтақтарда 

сапалы  жапырақ  пайда  болмағанымен,  гүл  шоғырлары  қалыптасып 

негізгі  өсімдік  жапырақтарының  қоретенуіне  бәсекелестік  тудырып 

өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетеді. 

Шырпу  –  темекінің  генеративтік  мүшелерінің  өсіп  дамуын  тежеу 

мақсатында  қолмен,  механизмдермен,  химиялых  әдіспен  жүргізілетін 

шара.  Бұл  шараның  негізі  темекі  өсімдігінің  басында  орналасқан  гул 



 

472 


шоғырын  шырпып  алып  тастауда  немесе  химиялық  заттарды  қолданып 

дамуын тоқтатуда. 

Алып тасталған жапырақтар мен өгей бұтақтар, гүл шоғырлары 

танаптан шығарылып жерге 20 см тереңдікке көміледі. 

Темекі ауруларына қарсы цинеб немесе поликарбоциннің 0,4%-дық 

суспензиялары,  ал  зиянкестеріне  қарсы  фосфамид  (Би-58),  метафос, 

карбафос қолданылады. 

Өнім жинау

.  Темекі  жапырақтары  біркелкі  піспейтіндіктен  оларды 

бірнеше  рет  үзіп  жинайды.  Алдымен  техникалық  піскен  жағдайында 

төменгі  қабат  жапырақтары  үзіледі  содан  кейін  орта  және  жоғары 

қабаттарындағы жапырақтар жиналады. 

 Техникалық  пісіп  жетілген  жапырақтардың  түсі  ашық,  сарғыш 

болады, орталық жүйкесі (арқауы) ақшылданады, шеті қайырылып, беті 

жабысқақ смолалық қабатпен бүркеледі. 

Үзіліп  жиналған  темекі  жапырақтары  қолмен  немесе  темекітізгіш 

машиналармен  бауларға  тізіліп  көлеңкеде  немесе  күн  сәулесінде 

кептіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет