Өсіру технологиясы және өнімді жинау.
Темекі дақылының тұқымы
өте ұсақ және егістікте қалыпты өніп көктемейтіндіктен оны көшеттік
әдіспен өсіреді.
К ө ш е т ө с і р у. Шаруашылықтарда көшет өсіру үшін
көшетжайлар құрылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 1 га егістікті
көшетпен қамтамасыз ету үшін 60-70 м
2
көшетхана қажет. Көшеттерді
аурулар және зиянкестермен залалданудан сақтау үшін көшетханалар
темекі, картоп егістіктерінен, кептіру құрылымдарынан, шабдалы бағынан
500 м қашықтықта орналасуы керек.
Көшет электр, күн сәулесі қуатымен жылытылытын көшетханаларда
1:2:1 немесе 1:1:1 арақатынасында қара топырақ, көң, құм қосылған
қоректік қоспада өсіріледі. 1 м
2
көшетханаға 0,11 м
3
қоректік қоспа қажет.
Қоректік қоспа дайындаудың бірнеше әдістері бар. Ең көп тарағаны
«ашық алаңда» және көшетхана маңайында дайындау. Қоректік қоспа
«Ашық алаңда» дайындағанда қара шірікке бай топыраққа маусым айында
гектарына 700 т есебімен көң және 7 т суперфосфат шашылып аудара
жыртылады. «Ашық алаң» үнемі ылғалды жағдайда болуы қажет және 10-
15 күнде бір рет дискілі тырмамен немесе қыршуышпен қопсытылып
отырады, өңдеу алдында 1-2 рет көң сұйығын шашып отырса өте жақсы
нәтижеге жетуге болады.
Бұл технологиямен дайындалған қоректік қоспа 1,5-2,0 айда дайын
болады. «Пісіп жетілген» қоректік қоспа көшетхананың жанына апарылып
құммен араластырылады да сақталады.
Алдыңғы
қатарлы
шаруашылықтарда
көшетті
4-5
жыл
ауыстырылмайтын қоректік қоспада өсіреді. Ол үшін қоректік қоспаны
тамыз-қазан
айларында
карбатион,
тиазон
немесе
дазомет
препараттарымен өңдейді. Карбатионды 10 л суға 200 г/м
2
мөлшерінде
ерітіп суару кезінде енгізеді. Тиазон немесе дазомет 150-200 г/м
2
мөлшерінде құрғақ түрінде құммен араластырылып енгізіледі. Тиазонмен
өңделген қоспа 10 л/м
2
мөлшерінде суарылады. Қоректік қоспаны бромды
метилмен (60 г/м
2
) өңдеу оны аурулардан, зиянкестерден және арамшөп
тұқымдарынан толық залалсыздандыруды қамтамасыз етеді.
Көшетханаға себуге екі жылдық тұқым пайдаланылады. Себу
алдында тұқым вирустық ауруларға қарсы 1 кг тұқымға 2 л есебінде
формалиннің 1:50 концентрациялы ерітіндісімен залалсыздандырылады.
Ол үшін өте тығыз емес матадан тігілген кішкене қапшықшаға салынған
тұқым формалин ертіндісіне 10 минутке батырылады, одан соң
формалиннің иісі жойылғанға дейін ағынды суда жуылады. Осылай
залалсыздандырылған тұқым бөлме температурасында 24 сағатқа бөртуге
қалдырылады.
Қайтадан жуылған тұқым қалыңдығы 2-3 см етіп арнайы науаларға
салынып 27-30
0
С температурада өндіру үшін термостатқа салынады.
469
Дайындалған тұқым көшетті танапқа отырғызу мерзіміне 45-50 күн
қалғанда әрбір 4-5 күнде 5-6 мерзімде көшетханаға 0,3-0,4 г/м
2
мөлшерінде себіледі. Себу алдында қоректік қоспаның құрамын байыту
мақсатында 1 м
2
–ге 6 г азот, 10 г фосфор, 5 г калий енгізіледі.
Арамшөптердің өскіндерін жою үшін себуге 8-10 күн қалғанда қоректік
қоспа девринол (0,2 г/м
2
ә.з.), дэпра (0,2 г/м
2
ә.з.) немесе тиллам (0,2 г/м
2
ә.з.) гербицидтерімен өңделеді.
Тұқым диаметрі 0,25 см електен өткен көңмен араластырылып
қолмен себіледі, себілгеннен кейін беті 0,4-0,5 см електен өткен көңмен
бүркеледі және аздап суарылады. Көшет көктеп шыққанға дейін
көшетхананың ішінде 22-28
0
С, ал көктегеннен кейін 18-25
0
С температура
ұстап тұру керек. Қоректік қоспаның беті үнемі ылғалды болуы шарт.
Алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанға дейін көшеттің тамыры
қарқынды өсетін болғандықтан күніне бір рет, ал көшет қалыптасуы
кезінде екі күнде бір рет қандырып суару қажет.
Минералды тыңайтқыштармен көшет көгінің тамырлануы кезеңінде 1
м
2
–ге азот пен фосфор 1 г, калий 2 г, көшет қалыптасуы және көшетті
жұлуға 10 күн қалғанда азот пен фосфор 2 г, калий 5 г мөлшерінде үстеп
қоректендіріледі.
Көшетте жақсы тамыр жүйесі қалыптасуы үшін көшеттік кезең
бойында 6-8 рет електен өткен көңмен бүркемелейді.
Аурулар мен зиянкестердің пайда болуына қарай Қазақстанда
пайдалануға рұқсат етілген препараттармен өңдеу жүргізіледі.
Жұлуға 10 күн қалғанда көшетханада шынықтыру шаралары іске
асырылады. Ол үшін суару мөлшерін азайтады, көшетхана жиі желдетіледі,
жұлуға екі күн қалғанда суару тоқтатылады да жұлар алдында екі сағат
бұрын жақсылап суарылады.
Стандартты көшеттің сабағы 14-16 см, жақсы дамыған тамыр жүйесі
және 5-6 нағыз жапырағы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |