463
10 см, ортаңғылары 12-14 см тереңдікте өңдейді. Ұялап себілген
егістікте ұзынынан 4-5 см, көлденеңінен 3-4 см қопсытулар жүргізіледі.
Арамшөптерге қарсы әр гектарға 0,75-1,2 кг мөлшерінде құрғақ
немесе 130-200 л суда ерітілген которан және прометрин гербицидтерін
ПГС-2,4А тегістегішімен бүркеді.
Қатараралықтары 60 см мақта егістігінде Т-28Х4 тракторына ҚРХ-4
қопсытқышы мен ЧВХ-4 шырпуышын тіркеп, ал қатараралықтары 90 см
егістіктерде МТЗ-80 тракторына КРХ-5,4 қопсытқышы мен ЧХВ-5,4
шырпуышын тіркеп пайдаланады.
Бірінші шырпуды шілденің аяғында, екіншісін тамыз айының бас
кезінде, суару жүйесін жасау мен қатараралық қопсытуды қоса жүргізіп,
мақтаның негізгі сабағын және өсу бұтақтарын қысқартады. Шырпудың
негізгі мақсаты - өсімдіктерді жарықпен және қоректік заттармен
қамтамасыз етуді жақсартып, шанақтарын, гүлдерін және қауашақтарын
ерте түсіп қалудан сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: