9 – ТАРАУ. ЕСІРТКІЛІ ДАҚЫЛДАР. ТЕМЕКІ
Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат – алкалоид никотин – бар
дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік және Орталық
Америка тұрғындарына Европалықтар бұл құрылықты ашқанға дейін
белгілі болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда өсіріле
бастады, 1605-1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне
тарады.
Россияда 1-Петрдің жарлығымен 1716 жылы себіле бастады, ал 1768
жылы Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды.
Қазақстанда темекі Алматы облысында XIX ғасырда жеке
шаруашылықтарда өсіріле бастаған және олар «Верный темекілері» деген
атпен ішкі және халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып Неаполь,
Париж, Барселона көрмелерінде алтын медальдарға ие болған.
Бәсекеге жол бермес үшін Қырым мен Закавказье плантаторлары
Верный темекілері тек Орта Азияда ғана сатылуға рұқсат етілетін патша
жарлығын шығартқызған. Өндірістік деңгейде Қазақстанда темекі 1920-
1930 жылдары ғана дами бастады.
Қазіргі кезде темекі дүниежүзінің 115 елдерінде 4 млн. га жерде
себіледі. Темекіні ең көп егістігі (2,96 млн. га) Қытайда және әлемде
өндірілетін шикізаттың 40%-ын осы ел өндіреді, АҚШ – 0,7 млн т.,
Индия – 0,54, Бразилия – 0,40, ТМД елдері – 0,30, Түркия – 0,26 млн.
тоннаға дейін.
Қазақстанда темекі Алматы, Жамбыл облыстарында 10,0 мың га
жерге себіледі, орташа өнімділігі гектарынан 2,0 т, жылына 18-20 мың
тонна темекі жапырағы жиналады Жекелеген шаруашылықтарда темекі
жапырағының өнімі гектарына 5,0 тоннадан асып түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |