Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет477/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тыңайтқыштар  қолдану  жүйесі

.

  Мақтаның  вегетациялық  кезеңі 

ұзақ  болғандықтан  (100-170  күн),  ол  топырақтан  қоректік  заттарды  көп 

шығындайды. Мақта бір тонна өнім және соған сәйкес мөлшерде сабақ-

жапырақ түзу үшін топырақтан 40-50 кг азот, 12-15 кг фосфор, 50-70 кг 

калий  пайдаланады.  Мактаның  қоректік  заттарды  сіңіруінде  өзіндік 

ерекшіліктері бар. Вегетациялық кезеңінде көктеуден шанақтануға дейін 

7%  азот,  5%  фосфор,  шанақтанудан  гүлденуге  дейін  46%  азот,  35% 

фосфор, гүлденуден пісе бастағанға дейін 44% азот, 50% фосфор, ал өсу 

кезеңінің  соңына  дейін  3%  азот,  10%  фосфор  сіңіреді.  Егер  көрсетілген 

кезеңдерде топырақта кажетті мөлшерде азот немесе фосфор жетіспесе, 

мақтаның  өнімі  төмендеп,  сапасы  нашарлайды.  Мақта  өсімдігін 

бастапқы өсу кезеңінде (өну мен алғашқы жапырақ пайда болу аралығы) 

азот және фосфор элементтерімен қажетіне қарай  камтамасыз ету оның 

12-15 күн ерте пісуіне әсер етеді. 

Казақстанның  мақта  өсірілетін  топырақтары  негізінен  күңгірт  боз, 

кәдімгі боз және ашық боз болып келеді. Бұл топырақтар қара шірік пен 

азотқа  өте  тапшы,  калийге  бай.  Орта  ссеппен  жоғарыда  аталған 

топырақтарда  1-2,5%  қарашірік,  0,05-0,15%  жалпы  азот,  0,17-0,19% 

жалпы  фосфор  болады.  Боз  топырақтың  барлық  типшелерінде 

жылжымалы фосфор аз, калий мөлшері көп болады. Міне сондықтан да, 

азот  пен  фосфор  тыңайтқыштарын    молырақ  қолдануға  ерекше  мән 

берген дұрыс. 

Мақта  егісінде  тыпайтқыш  колдануда  жоңышқаның  алатын  рөлі 

үлкен.  Мақтарал  тәжірибе  стансасының  көпжылдық  деректеріне 

сүйенсек  мақта  бір  орында  көп  жыл  себілгенде  оның  өнімі  20  ц  болса, 

үшжылдык  жоңышқадан  кейін  себілгенде  43  ц,  ал  үшжылдық 

жоңышқадан кейін екінші жылы себілгенде 42,6 ц болган. 

Мақта  жоңышқадан  кейінгі  танапқа  жақын  орналасса,  солғүрлым 

оған  азот  тыңайтқышын  азырақ,  ал  керісінше,  фосфор  мен  калийді 

кебірек қолдану керек. 

Қазақстан  Республикасында  топырақтағы  қоректік  заттың  мөлшері 

мен  жоспарланған  өнім  деңгейіне  сәйкес  мақта  дақылына  арналған 

тыңайткыш мөлшері 32-кестеде келтірілген. 




 

460 


Мақтаға органиқалык тыңайтқыш пайдаланудың маңызы зор. Көңді 

ауыспалы  егісте  (7-9  танапты)  соңғы  танаптарға  гектарыа  20-40  т 

есебінде қолданған дұрыс. 

Тыңайтқыштарды  қолдану  мерзімі  мақтаның  қоректік  заттарды 

пайдалануымен  тығыз  байланысты  болуы  керек.  Мақта  егісінде  азот 

тыңайткышының  жылдық  мөлшерін  3-4  рет  бөліп  пайдаланған  дұрыс. 

Мұнда оның 20-30% сүдігер жыртар алдында, 70-80% екі-төрт жапырақ 

пайда  болғанда,  шанақтану,  гүлдену  кезеңдерінде  үстеп  қоректендіру 

үшін  қолданады.  Фосфор  мен  калийді  пайдалану  өзгешерек  болады. 

Фосфордың  70-75%,  калийдің  барлык  мөлшерін  күзде  сүдігер  жыртар 

алдында береді, ал ' фосфордың қалған мөлшерін тұқымды себу кезінде 

пайдаланған  дұрыс.  Мақта  дақылына  аммоний  селитрасы,  мочевина, 

суперфосфат, фторсызданған фосфат қолданады. 

Мақтаның  өнімі  мен  сапасына  микротыңайтқыштардың  да  әсері 

бар.  Мақта  егісін  микротыңайтқыштармен  үстеп  қоректендіргенде 

(гектарына 

1-9 

кг) 


қосымша 

1,3-4,7 


ц 

өнім 


алынады. 

Микроэлементтердің  тұзын  мақта  тұқымын  өңдеу  үшін  де  қолдануға 

болады. 

Көптеген  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері  мен  озат 

шаруашылық  тәжірибелері  ауыспалы  егісте  тыңайтқыш  қолдану  мақта 

өнімінің  артуына,  топырақ  кұнарлылығының  жақсаруына  қолайлы  әсер 

ететінін  көрсетіп  отыр.  Мақта  ауыспалы  егісінде  өсірілген  жоңышқа 

топырақтағы  органикалық     заттар      мен      азот      мөлшерін      көбейтеді,   

оның   агрохимиялық, физикалық касиеттерін жақсартады. 

Мақтаға 


тыңайтқышты 

дұрыс 


пайдалану 

оның 


өнімін 

жоғарылатумен  қатар  шитті  мақтаның  технологиялық  сапасын  да 

жақсартады. 

Минералдық  және  органикалық  тыңайтқыштардың  37-кестеде 

көрсетілген  мөлшері  гектарынан  100-120  ц  жоңышка  шөбін,  35-40  ц 

күздік бидай немесе арпа астығын, 350-400 ц жүгерінің көк балаусасын, 

60-70 ц жүгері астығын, 35-40 ц шитті мақта алуға есептелген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет