Биологиялық ерекшеліктері.
Ж ы л у ғ а қоятын талаптары. Мақта
тұқымдары топырақ температурасы 10-12
о
С-қа жеткенде бөртіп, өне
бастайды, бірақ өнуге оңтайлы температура – 20-25
о
С. 0,5-1,0
о
С үсікте
мақтаның егін көгі опат болуы мүмкін. Жалпы өсіп-дамуы үшін қолайлы
температура – 25
о
С, одан жоғары температура (26-30
о
С) гүлдену және
қауашақ түзу кезеңдерінде қажет. 10-12
о
С температурада мақта
талшықтары қысқа және жуан болып қалыптасады да, пісіп-жетілмейді.
Мақтаның толық пісіп-жетілуі үшін ерте пісетін сорттарына – 3000,
орташа пісетіндеріне – 3400, кеш пісетіндеріне – 4000
о
С белсенді
температура жиынтығы қажет.
Ы л ғ а л ғ а қоятын талаптары. Мақта құрғақшылыққа төзімді
өсімдік. Тереңге бойлайтын кіндік тамыры топырақтың төменгі
қабатындағы ылғалды тиімді пайдаланады, сондықтан жылына 350-400
мм жауын-шашын түсетін аймақтарда өсіріле береді. Транспирациялық
коэффициенті 500-600.
Суармалы жағдайларда мақта жоғары өнім түзеді, ол үшін
гектарына 5-8 мың м
3
су қажет.
Ж а р ы қ қ а қоятын талаптары. Мақта жарық сүйгіш өсімдік.
Шашыраңқы күн сәулесі жағдайында мақтаның пісіп-жетілу кезеңі
ұзарады.
Т о п ы р а қ қ а қоятын талаптары. Орталық Азияда және Оңтүстік
Қазақстанда мақта сұр, шалғынды сұр, шалғынды батпақты
топырақтарда өсіріледі. Мақта үшін жер асты сулары жақын және
қышқыл топырақтар жарамсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |