Мақта түрлері
.
Мақта (Gossipium) құлқайыр тұқымдасына және
өте күрделі формалары мен түрлерін біріктіретін мақта туыстығына
жатады.
Біздің елімізде өндірістік маңызы бар мақтаның екі түрі өсіріледі:
К ә д і м г і м а қ т а немесе м е к с и к а л ы қ (Gossipium hirsutum)
дүние жүзінде ең көп тараған мақта түрі, Орталық Америкадан шыққан.
Қауашағы жарылғыш, ірі, жұмыр, жоғарғы ұшы үшкір, 3-5 ұялы, әр
ұясында 5-11 тұқымы бар. Тұқымы түкті. Жоғары сапалы талшығының
шығымы 35-40%-ға жетеді, ұзындығы 35 мм дейін, жіңішкелігі – 17-20
мкм, метрлік нөмірі 4200-5500 болады.
П е р у м а қ т а с ы немесе ж і ң і ш к е т а л ш ы қ т ы мақта (G.
Barbadense), шыққан жері Оңтүстік Америка. Гүлдері өте ірі, сарғыш
түсті, гүл күлтесі біріккен жері қызыл таңбалы болып келеді. Қауашағы
456
ұсақ конус тәрізді созылған, 3-4 ұялы. Әр ұяда 5-8 данадан орналасқан
жалаңаш тұқым бар. Талшығы сапалы, ұзындығы 40 мм және одан да
ұзын, жіңішкелігі 12-18 мкм, метрлік нөмері 6000-7500, өте берік, жібек
сияқты, тоқылу сапасы да жақсы. Жіңішке талшықты мақта сорттары
Азиядағы – Түрікмен, Тәжік және Өзбек республикаларының ең жылы
аудандарында ғана өсіріледі ( - сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |