455
пісіп жетілуіне байланысты оның бүгілуі әрбір сантиметрде 60-120
жетеді. Жақсы піскен талшықтың бүгілу қасиеті жоғары.
Талшықтың
жіңішкелігі
немесе талшықтың көлденең кесіндісінің
микроскоп арқылы анықталатын диаметрі. Талшық жіңішкелігі 7-10
мкм-нан 15-25 мкм жетеді. Талшыққа фабрикалық баға бергенде оның
метрлік нөмірі
анықталады (талшық массасы мен ұзындығының ара
қатынасы немесе бір грамм талшықтың ұзындығы). Түрлі мақта
сорттарының метрлік нөмірі 5000-8000 жетеді. Мысалы: мақтаның
метрлік нөмірі 5500 болса, оны 1 г мақтада 5500 м талшық бар деп
түсіну керек.
Талшықтың метрлік нөмірін беріктігіне көбейту арқылы оның тағы
бір маңызды кешенді көрсеткіші –
талшықтың үзілу ұзындығы
анықталады.
Ол километрмен өлшенетін қыялдағы талшық ұзындығы.
Мысалға: егер талшықтың беріктігі 0,0049 Н (4,9 гк), ал метрлік нөмірі
5200 болса, онда талшықтың үзілу ұзындығы 25480 м (5200×4,9), немесе
25,48 км болады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, солғұрлым
талшық мықты деп түсіну керек. Үзілгіш талшық тоқыма тоқуға
жарамсыз.
Мақта талшығының маңызды қасиеттеріне оның түсі, жылтырлығы,
ылғалдылығы, талшықтың зақымданбағандығы жатады. Өлі тұқым
бүршігінен пайда болған талшық, түйін тәрізді, қысқа қылтықтардан
тұрады, оларды
ұсақ үлік
деп атайды.
Біраз дамып, ұрықтанған тұқым бүршігінен пайда болған
талшықтарды
ірі үлік
деп атайды.
Мақта талшығы өнімі құрамында үлік көп болған сайын оның
сапасы төмендей береді, орта есеппен өнім құрамында 0,7-1,2% үлік
болады.
Талшықтың
пісіп-жетілуі
ішкі
қуысының
целлюлозамен
толысуына байланысты микроскоппен анықталады және бес балмен
бағаланады. Талшықтың технологиялық сапасы сортына, өсіру
жағдайына және агротехникаға (суару, егу жиілігіне, тыңайткыштарға
және т. Б.) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: