Мақта талшықтарының технологиялық сапа көрсеткіштері
.
Шитті мақта массасының 25-40% талшық, 0,2-1,5% қысқа түктер немесе
линтер, 20-25% қауашағы, 1-2% тұқым қабығы, ал 60% тұқым ядросы
алады. Мақта тұқымының әр талшығы, қабығының ұзын болып
созылған сыртқы эпидермис клеткасы болып саналады. Оның жуандығы
мен ұзындығының ара қатынасы 1:1500-2000 шамасындай. Аздап
бұралған ұзын лента тәрізді талшықтар ішінде көлденеңінен бөлінген
клетка қабаттарынан тұрады. Қуысты талшықтың бас кезінде сырты
жылтыр балауыз жұқа қабатпен жабылады.
Құрғақ шитті мақта қауашағының жалпы массасынан, алынған таза
талшықтардың салмағын пайызбен есептеп т а л ш ы қ ш ы ғ ы м ы н
анықтайды. Ол сорттың ерекшелігіне, агротехникаға және топырақ пен
ауа райы жағдайларына тікелей байланысты.
Мақтаның сапа көрсеткіштерінің бірі – т а л ш ы қ т ы ң ұ з ы н -
д ы ғ ы. Талшық ұзын болған сайын оның құндылығы артады, одан өте
жіңішке жіп алынады. Сортына және өсіру жағдайына байланысты
мақта талшығының ұзындығы 10-50 мм дейін жетеді.
Талшығының ұзындығына және жіңішкелігіне байланысты мақта
сорттары екі топқа бөлінеді. Жіңішке талшықтылар (талшықтың
ұзындығы 35-40 мм-ден кем емес) және орта талшықтылар 30-35 мм.
Тоқыма өндірісі үшін өте маңызды сапалық көрсеткіш:
талшықтың
орташа үзілу қуаты (беріктігі)
. Ол Ньютон (Н) немесе
грамм-күш (гк) бірлігімен өлшенетін, талшықты үзуге жұмсалатын
күштің мөлшерімен анықталады. Талшық жуан болған сайын оның
беріктігі де жоға-рылайды. Шала піскен талшықтардың қабырғалары
жұқа болғандықтан оңай үзіледі. Мақта сорттарына қарай беріктігі
0,004-0,006 Н (4-7 гк) болады.
Талшықтың 1 см ұзындығындағы
Достарыңызбен бөлісу: |