451
ция өнеркәсіптерінде және т. Б. әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен
қолданылады.
Шитті мақтаның әр центнерінен (талшықты тұқымынан) 32 кг
талшық, 65 кг тұқым, 1 кг қысқа талшық (линтер) алынады. Ал 1 кг
мақта талшығынан 20 м іш киімдік мата немесе 14 м коленкор, 12 м
шыт, 8 м ақжаймалық, 3 м киімдік мата алады.
Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан арнайы және бағалы бәтес,
маркизет, сәтеннің, бумазей маталарының жоғары сорттарын тоқиды.
Мақта талшығы жүнмен араластырылғанда жіңішке, жартылай
жүнді тоқыма алуға пайдаланылады. Өте қысқа мақта талшықтарынан
әсемдік және іш киімдік тканьдар, тоқыма жұмсақ сүлгілер және басқа
да қажетті заттар шығарады.
Тұқым түгінен, үзілген талшықтан немесе кысқа талшықтан
(линтерден) дәрігерлік мақта, жанғыш пілте, жасанды фетр, целлюлоза,
коллодиум, целлофан және целлулоид, жасанды жібек, кино-фото
пленкаларын, машинаның темір бөлшектерін сырлауға арналған бояу,
қағаз және басқа да заттар алуға пайдаланылады.
Шитті мақта өнімінің 65% алатын мақта тұқымы құрамында
тамаққа, түрлі консервілер мен маргарин әзірлеуде, сонымен қатар
сабын қайнату, глицерин мен спирт шығаруда, олиф алуда және т. Б.
Қолданылатын 18-27% май болады.
Мақтаның 1 ц тұқымынан 17-19 кг өсімдік майын, 40-42 кг
күнжара, 38-40 кг тұқым қабығын алады.
Мақта күнжарасы құрамында 40% ақуыз бар, сондықтан оны мал
азығы үшін пайдаланады. Бірақ күнжарада улы зат – госсинол болады.
Сол себепті күнжарасын аз мөлшерде, ірі қараға тәулігіне 2-3 кг береді,
ал шошқаға беруге болмайды.
Тұқым қабығы мал азығына, қағаз жасауға, органикалық
қышқылдар, целлюлоза, ксилит және т. Б. Заттар алуға қолданылады.
Мақта сабағы (гуза-пая) отын ретінде, бояйтын және басқа заттар
алуға пайдаланылады. Мақта жапырағынан өндірістік әдіспен 10%
шамасында лимон қышқылын алуға болады. Ауыспалы егісте отамалы
дақыл есебінде дәнді және басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл
болғандықтан мақтаның агротехникалық маңызы зор. Сонымен қатар,
мақта гүлдерінде бал шырыны бар.
Мақта өсірумен ертеден шұғылданған елдерге – Үндістан, Мексика,
Перу, Қытай жатады. Ал Америкада және басқа елдерде өндірістік мақта
шаруашылығы, мақтадан мата тоқитын және мақта тазалау машинасы
шығарылғаннан кейін XVIII ғасырда ғана басталды. XIX ғасырда мақта
шаруашылығы тоқыма шикі затының 73%, XX ғасырда – 85%-ын
өндіретін болды. Мақта дүние жүзінің 60-тан аса елдерінде, 35 млн
гектар шамасындай жерде өсіріледі. Мақта егістігі мол елдерге:
Үндістан (7,5 млн гектар), АҚШ (4 – 4,5 млн гектар), Қытай (4,8 млн
гектар), Бразилия (1,9 млн гектар), Пакистан (1,8 млн гектар) және
Египет (0,6 млн гектар) жатады.
452
Мақта Орта Азияға Қытайдан IV-V ғасырда, Күнгей Кавказға
Ираннан XV ғасырда әкелінген.
Россияда мақта ертеден өсірілсе де, оның шаруашылық саласы
ретінде даму кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында
басталды. Егіс ауданы ұлғайып, өнімінің өсуімен қатар, талшық сапасы
жақсарды. Өнімі аз, сапасы төмен гуза сорттары өнімді, талшық сапасы
жақсы мексикалық мақтамен ауыстырылды. Бірақ өндірілетін шитті
мақтаның жалпы көлемі өте аз.
Орта Азияда негізгі мақта себетін аудандарға Өзбек, Түрікмен,
Қырғыз және Азербайжан республикалары жатады.
Мақтаның әр гектарынан мол өнім алу өндіріске агротехникалық
шаралардың енуіне тікелей байланысты. Оған: топырақты
қос қабаттап
(двух ярусный вспашки) терең жырту, кең қатарлап егу, тұқымды дәл
мөлшерде себетін сепкіштерді қолдану, жергілікті және минералды
тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде сіңіру, арамшөптерге қарсы
гербицидтерді пайдаланып, шырпу мен егін жинауды механикаландыру
жатады.
Казақстанда мақта Шымкент облысының суармалы жерлерінде
223,0 мың гектарға себіледі. Әр гектардан алынатын орташа өнімі 21,3 ц.
Жетісай ауданының Абай атындағы шаруашылығында – 37,0 ц болды.
Республикада жыл сайын орта есеппен 500 мың тоннаға жақын шитті
мақта өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: