448
Егер қауынды бір орында бірнеше жыл қайталап өсірсе, онда ол
үшінші жылдан бастап аурулардың көптеп таралуынан өнімділігін күрт
төмендетеді.
Гуцалюк Т.Г. (2006) деректері бойынша, Қазақстанның оңтүстігі
мен оңтүстік-шығысының орташа және жеңіл саздақты құмдуыт
топырақты жерлерінде қауын егісіне органикалық және минералдық
тыңайтқыштар беру ұсынылады, оның ішінде көң -20-30 т/га, азот 30-60
кг/га, фосфор 30-90 және калий 60 кг/га әсерлі затпен сіңіріледі. Аталған
тыңайтқыштарды азоттан басқасын күзде топырақты негізгі өңдеумен
бірге береді.
Қауынның тұқымын топырақтың 10 см тереңдігі 12-15
0
С жылынған
кезде себеді. Себілу тереңдігі топырақ типіне, оның ылғалдылығына
және себу мерзіміне байланысты 4-6 см жүргізіледі.
Қауын тұқымын себуге әзірлеу қрбыз тұқымына ұқсас.
Әрбір шұңқырға 5-7 данадан тұқым себеді де уақытында сиретеді.
Ерте пісетн қауынды 1,4х0,7 м, орташа мерзімді- 1,4х1,4 м, ал кеш
пісетінді 2,1х0,7-1,4 схемамен себеді, әр шұңқырда бір өсімдіктен
қалдырады.
Егер қауынды екі жағынан суару арықшаларын қалдырып сепсе,
онда қатараралық ені 2,8-3,5 м болады да қатардағы өсімдіктер арасы
0,7-1,2
м болып әрбір арықша жағында шахмат тәртібімен
орналастырылады.
Қауынды міндетті түрде суару қажет, әсіресе өсімдіктің аталық
және аналық гүлдері пайда болғанда, сонымен бірге қауынның
қарқынды қалыптасуы мен жемісінің өсу кезеңдерінде. Сураудың ең
жақсы тәсілі – аз ағынмен жүйектеп.
Қауын жемісінің пісуін сортына тән қабығында баяу және суреттің
пайда болуымен анықтайды. Қауын жемісін мезгілінде жинамау
жемісінің жарылуына әкеліп соғады. Сондықтан қауынды үнемі
жемісінің пісуіне бйланысты жинап отырады. Орнында пайдалану үшін
жемісі толық піскенде жинайды, алысқа тасымалднатын қауынды-толық
піспей, ал қыстық сорттарды-көктей, техникалық піскенде жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: