445
Орамды шырпу жемістің түзілуін және пісуін тездетеді. Қарбыз
орамын шырпуды өсімдіктің бесінші жапырағында жатып (завязь) пайда
болғанда жүргізеді.
Топырақпен жабу өсімдіктің қосымша тамырлары түзілуі үшін және
орамының бекуі үшін қажет.
Топырақты қопсыту және арамшөптермен күресу. 2-3 рет
қатараралық қопсытылады, бірінші және екінші өңдеу 12-15 см
тереңдікке жүргізіледі, ал келесі өңдеулер 8-10 см.
Бақша дақылдарын жүйектеп суарады. Әрбір суарудан кейін
қатараралық өңделеді. Ең көп суды бақша дақылдары гүлдеудің алдында
және жемісінің қарқынды өсу кезеңінде қажетсінеді, жемісті жинаудың
алдында 10-15 күн бұрын суғаруды тоқтатады.
Қазақстанның оңтүстік шығысында қарбыз дақылын вегетация
кезеңінде 2-3 рет топырақ ылғалдылығына байланысты суарады. Бірінші
суаруды аналық және аталық гүлдер пайда болғанда, екіншісі-жемісінің
қарқынды қалыптасуы, ал үшіншісі жемісінің пісуі алдында суарады.
Өнімді жинау.
Қарбыз жемісінің сапасы жинау мерзіміне
байланысты болады.
Қарбыз жемісін республикада қол күшімен жинайды. Ерте және
орташа мерзімде пісетін сорттарды жемісінің пісуіне байланысты
бірнеше рет жинаса, ал кеш пісетін сорттарды суық түсер алдында бір
немесе екі рет жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: