Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет461/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

ҚАУЫН 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы.

 

Қауынның  дәмі  өте  тәтті 

жемістерден  кем  емес.  Оның  құрамында  көп  мөлшерде  жеңіл  сіңімді 

қант, А, С дәрумендері болғандықтан, жүрек пен бауырдың жұмыстарын 

жақсартады,  ағзаның  жалпы  тонусы  көтеріледі.  Қауындағы  С 

дәруменінің  мөлшері  алмаға  парапар.  Темірдің  мөлшері  тауық 

етіндегіден  2  есе,  балықтан  3  есе,  ал  сүттен  17  есе  көп.  Қауынның 

жемістерінде  ерімейтін  ақуызды  еритін  пентонға  айналдыратын 

ферменттер де болады. Қауынды халықтық медицинада түрлі ауруларға 

ем  ретінде  қолданады.  Қауын  жұмсағын  өңдеп  тосап,  пюре,  компот, 

повидло және цукат дайындайды. Қауын балы (бекмес) құрамында 60% 

қант болғандықтан, тағамдарға қосылады. Қауын жемісін алыс жерлерге 

тасымалдау қиын болғандықтан, тіліктеп қақтап барып жеткізеді. Оның 

пісіп  кеткен  жемістерінен  ұн  қосып  қауын  таба  нанын  (қауын  –  құрт) 

жасаса, толық піспеген жемістерін тұздайды. 

Қауын  тұқымында  35%  дейін  май  болады.  Сары  түсті  майының 

дәмі  жақсы.Оны  палау  және  бауырсақ  пісіруге  пайдаланады.  Қауын 

майы  кеуіп  кететін  болғандықтан,  одан  жоғары  сортты  бояу 

дайындайды. 

Стандартқа сай емес және піспеген қауын жемістері малға өңдеусіз 

–  ақ  немесе  сүрленген  түрде  азық.  Қауынды  сабан  мен  топан  қосып 



 

446 


сүрлейді. 

Оның 


сүрлемі 

қоректілігі 

жағынан 

малазықтық 

тамыржемістердікінен  кем  емес.  Сүрлем  иісі  өте  тартымды 

болғандықтан,  үй  жануарлары  сүйсініп  жейді.  Қауын  жемісімен 

азықтандырылатын  малдардың  сүт  өнімі  жақсы  және  оның  майлылығы 

да жоғары . 

Қауын  дақылы  еліміздің  барлық  аймақтарында  өсіріледі,  ал  оның 

сапасы өте тамаша, өнімді сорттары Сыр өңірінде кең тараған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет