Мақтаны жинау
.
Мақта қауашақтары бір мерзімде піспейді, пісуі
1-2 айға созылады. Сондықтан қауашақтың ашылуына байланысты оны
3-4 рет жинайды. Мақта арнайы машинамен және қолмен жиналады.
Машинамен жинауды жеңілдету үшін химиялық препараттар пайдалану
арқылы жапы-рақтарды кептіретін дефолиацияны қолданады. Ол
жапырақтардың
түсуін,
қауашақтардың
пісіп,
тез
ашылуын,
талшықтарының сапасын жақсартады.
Дефолиация жүргізу үшін әр гектарға 2-3 кг бутифос, орта
талшықты сорттарға бүрку үшін 8-10 кг немесе жіңішке талшықты
сорттар үшін 12-15 кг магний хлоратын, 20-30 кг кальцийдің хлорат-
хлоридін және басқаларды қолданады. Себу аймағына қарай
дефолиацияны 2-6 қауашағы ашылғанда ұшақ, тікұшақ немесе ПО-2А
құралымен бүркеді.
Жапырақтары толық түспеген кезде, өнім жинау алдында өсімдіктің
тамырын кептіруді (десикацияны) қолданады. Мақта жинау машиналары
бірінші рет қауашақтардың 50-60% ашылғанда, екіншісін 20-30%
қосымша қауашақтар ашылғанда қолданылса, үшіншісін өсімдікте
қалған қауашақтарды тұтасымен қорек жинайтын машинамен тереді.
Қорек жинау-ды СКО-2,4, СКО-3,6, СКО-5,4 және басқа машиналармен,
ал шитті мақтаны жинауға ХВН-1,2 А, 14 ХВ-2,4 А (қатараралығы 60
см) және ХНП-1,8 (қатараралығы 90 см) машиналарын қолданады.
Қорек жинағыштардан кейін жерге түскен шитті мақтаны ПХ-2,4
және ПХС-3,6 жинағыштары жинайды. Мақта жинаушы машиналардың
бункерлері толғанда шитті мақтаны көліктерге тиеп, дайындау
пункттеріне жеткізеді. Мақтаны қолмен теру 3-5 қауашағы ашылғанда
басталып төрт рет жүргізіледі. Машинамен жинағанда қол күші 2-5 рет
азайып, 1 ц шитті мақта бағасы 2 есе төмендейді.
Егінді жинау аяқталысымен мақта сабағы – гузапаяны суырып
алып, дестелегіш КВ-4А, КВ-3,6А және басқа машиналармен дестелеп
жинап егістіктен шығарады.
464
Достарыңызбен бөлісу: |