Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


 – ТАРАУ. БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ (жалпы сипаттамасы)



Pdf көрінісі
бет454/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   490
Байланысты:
index (15)

7 – ТАРАУ. БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ (жалпы сипаттамасы) 

 

Бақша дақылдарына қарбыз, қауын  және асқабақ жатады. Оларды 



жоғары  дәмділік  сапасымен  ерекшеленетін  нәрлі  жемістерін  алу  үшін 

өсіреді. Асханалық қарбыз бен қауынның жемісінде 6-12% және одан да 

жоғары  қанттар,  В

1

,  В



3

,  С,  РР  және  басқадай  дәрумендер  болады. 

Қарбыздың  құрамында  темірдің  және  калий  қышқылының  көптеген 

тұздары  бар.  Бақша  дақылдарын  тағамға  пайдаланумен  қатар,  олардың 

жемісінен консерві және кондитер өнеркәсіптерінде бал, цукат, повидло, 

пастил және басқадай тағам түрлерін жасайды. 

Сары  жұмсақты  асқабақ  фосфор  және  каротинге  бай,  сонымен 

бірге  құрамында  фитонцидтер  көп  мөлшерде  болады.  Асқабақ  жемісі 

шырынынан цукаттар мен бал жасалады. 

Мал  азығына  асқабақ  пен  қарбыздың  малазықтық  сорттарының 

жаңа жиналған жемістері пайдаланылады. Олар бағалы сүт қуғыш азық 

болып  есептеледі.  Малазықтық  асқабақтың  100  кг-да    10  малазықтық 

өлшем  мен  70г  қорытылмалы  протеин,  ал  малазықтық  қарбыздың 

құрамында  9  малазықтық  өлшем  және  40г  қорытылмалы  протеин 

болады. 

Мал  азықтық  бақша  дақылдары  жасыл  конвейерлер  құрамына 

жеке буын ретінде кіреді.  

Бақша 


дақылдарының 

тұқымдастарынан, 

әсіресе 

асқабақ 


тұқымынан тағамдық май алынады. 

ТМД  елдерінде  өндірістік  бақша  шаруашылығы  19-ғасырдың 

ортасында  пайда  болуына  байланысты,  бақша  дақылдары  Ресейде, 

Украинада  және  Орталық  Азияда  өсіріле  бастады.  Қарбыз  Ресейдің 

Астрахань губерниясы арқылы Батыс Қазақстанға тарады. 

Қазіргі  кезде  ТМД  мемлекеттерінде  бақша  дақылдары  1  млн 

гектарға жуық жерлерде өсіріледі. 

Қарбыздың  суарылмайтын  жерлеріндегі өнімділігі  –  150-200  ц/га, 

ал  суармалы  жерлерде  300-400  ц/га  болса,  қауын  120-140  ц/га  –дан  400 

ц/га дейін, асқабақ 300-600 ц/га өнім қалыптастырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет