Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет450/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егістікті  күтіп-баптау.

 

Қант  қызылшасының  топырағы  борпас 

және  арамшөптерден  таза  болуы  керек.  Тұқымды  сепкеннен  кейін  3-4 

күннен кейін арамшөптер және топырақ қабыршақтарымен күресу үшін 

жеңіл  тырмаға  шынжырлы  сүйретпені  тіркеп  көк  шыққанға  дейінгі 

тырмалауды  жүргізеді.  Шынжырлы  сүйретпе  тырмалағандағы  пайда 

болған  жалдарды  тегістеп  өтеді.  Топырақ  қабыршағын  бұзуға 

ротациялық шабықтауыш қолданады. 

Қызылшаның  көгі  пайда  болғаннан  кейін  қатараралықтар 

топырағын қопсыту, арамшөптерді жою үшін (4-5 см) өңдеу – шабықтау 

жүргізеді.  Нағыз  жапырақтың  бірінші  жұбы  пайда  болғанда  өскіндер 

қатарына  көлденең  бағытта  қопсытқыш  салып  оларды  сиретеді. 

Қопсытқыштың  табан  пышақтары  қатарды  (20-23  см  ені)  қиып  өтіп, 

ұзындығы  23-25  см  болып  келетін  жеке  шоқтар  қалдырады.  Бірнеше 

күннен кейін шоқтарды қайта тексеріп, қате қалдырылған және жаңадан 

пайда  болған  өсімдіктер  мен  арамшөптерді  жұлып  тастайды.  Сөйтіп  1 

метр  қатарда  5-6  өсімдіктен  қалдырады.  Жинау  қарсаңында  қант 

қызылшасы  егістігінің  жиілігі  әр  гектарға  90-100  мың  дана  болғаны 

дұрыс. 



 

435 


Еліміздің қант қызылшасын өндіретін негізгі аймақтарында үлкен 

алқаптарға  арнап  еңбек  шығынын азайтатын  өсіру  мен  жинаудың  жаңа 

технологиясын  қолдануда.  Жаңа  технологияның  ерекшелігі  арнайы 

тұқым  сепкішпен  бірөскінді,  іріктелген,  өнгіштігі  жоғары  тұқымды 

нүктелеп  себу.  Сонымен  қатар  өсімдіктерді  сирету  толық  механизмнің 

көмегімен  атқарылады.  Бірөскінді  сорттарды  нүктелеп  сепкенде  тұқым 

қатарға  бірдей  арақашықтықта    себіледі.  (1м  қатарға  25-35  тұқымнан). 

Себумен бірге тыңайтқыш беріліп, топырақ тығыздалады. 

Толық  «қосқұлақ»  кезеңінде  нағыз  жапырақтырдың  екінші  жұбы 

томпайып  біліне  бастағанда  өскіндерді  сирету  мақсатында  қатарға 

көлденең  торлы  тырмамен  немесе  қатарды  бойлай  УСМП  –  5,4К  өскін 

сиреткішін  қолданып  жаппай  қопсытады,  бұл  жағдайда  қолмен  сирету 

болмайды, ал арамшөптерді отау аракідік жасалынады. 

Бірінші  сиретуде  –  қатардың  1м  ұзындығына  7-8  өсімдік 

қалдырылады.  Қажет  жағдайда  4-5  күн  өткеннен  кейін  осы 

агрегаттармен  қатарға  45°  бұрышпен  екінші  тырмалауды  жүргізеді, 

сонан  соң  қатардағы  өсімдіктердің  орналасуын  бір  тексеріп, 

арамшөптердің қалғанын қолмен жұлып тастайды. 

Қант  қызылшасының  өсіп-жетілу  кезеңдерінде  қатараралықтарды 

3-4  рет  қопсытып,  үстеп  қоректендіреді  және  биік  арамшөптерді  бір  екі 

рет  отайды.  Қызылша  жинайтын  комбайндардың  жұмысын  жақсарту 

мақсатында жинау алдында қатараралықтарды қопсытуға болады. 

Қант  қызылшасын  суармалы  жерлерде  өсіргенде  сиретуден  кейін 

үстеп  қоректендірумен  бірге  суаратын  арықша  тартып  барып  суарады. 

Оны  өсіп-жетілу  кезеңінде  6-7  рет  суарып,  артынша  қопсыту  жүргізеді, 

әр суару мөлшері – 700-900 м

3

/га. 


Егіс  алқабында  зиянкестер  мен  аурулар  байқалысымен  улы 

химикаттармен (40 % БИ-58, 25% Арриво және т.б.) өңдеу жұмыстарын 

жүргізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет